Миялы (Атырау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына МиялыАтырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округ орталығы. Облыс орталығы – Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 325 км жерде, Тайсойған құмының солтүстік-шығысында, Ойыл өзеннің сол жағасында орналасқан.

Тарихы

Іргесі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1942 жылы ұжымшар орталығы болды. 1949 жылы Тайсойған механикаландырылған мал шаруашылығы стансасына айналды.

Инфрақұрылымы

Миялыда аудандық атқару мекемелерінен басқа “Көлік”, “Қамқор”, “Ауыл-құрылыс” АҚ-дары, мәдени-ағарту мекемелері бар.

Халқы

2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 6473 адам тұрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қызылқоға ауданы елді мекендері