Тайсойған құмы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Тайсойған құмы - Атырау облысының солтүстік шығыс шетін алып жатқан құм. Каспий маңы ойпатының оңтүстік Орал алдының көтеріңкі оңтүстік-батыс қиыр шетін және Жем үстіртіне ұштасатын өңірін алып жатыр. Ойыл өзенінің, әсіресе оның саласы Жарыпшыққанның ғасырлар бойы өзі өтетін аймақтардан шайып әкелген жыныстар шөгінділерінің шоғырынан қалыптасқан. Жалпы ұзындығы 83 км-ге жуық, ені 40 км, ауданы 2400 км². Адырлы-қырқалы, кейде құмды-шағылды келеді. Өңірінін климаты куаң континенттік; каңтардың орташа температурасы — 13,8°С, шілдеде 24,4°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 180 мм, 1- 2 м. тереңдіктен ыза сулы қабат кездеседі. Қуаң құмды жерге бейімделген шөптесін өсімдік бітік өседі. Тайсойған - Атыраудың ежелгі мал жайылымы.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бастама Үлгі:Уики