Миссия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миссия -

  1. белгілі бір арнайы мақсатпен өзге мемлекетке бағытталған мемлекет өкілдері;
  2. бір мемлекеттің басқа мемелекеттегі тұрақты дипломатиялық өкілеттілігі, оны өкіл басқарады;
  3. миссионерлік ұйым;
  4. жауапкершілікті тапсырма.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.

ISBN 9965-808-89-9</ref>

Миссия – бұл өзге адамдарда белгілі бір ұйым туралы, оның философиясы, таңдаулары, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі , персоналы, бағыт-бағдары, құндылықтары, қызметінің анағұрлым көрікті түрлері болып көзге елестетіледі, ұйымның сыртқы және ішкі ортамен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын іздейді. Миссия сонымен қатар, ұйымның тауарлар мен қызметтерді өндірудегі мақсаттарын көрсетеді, нарықтарды жаулауды, жаңа технологияларды енгізуді, бәсекелестік қабілетін, табыстылығын, экономикалық өсуін, нақты мақсаттарға жету үшін негізін салады, ресурстарды жіктеуді, стратегияны таңдауды қамтамасыз етеді. Миссия - ұйым туралы жалпы, кешенді мағлұмат болып табылады, ол ең біріншіден сыртқы ортаға арналады. Миссияны нақтылаудың формасы – мақсат болып табылады. Кейде миссия мағынасы бойынша мақсатқа сәйкес келеді. Ондай жағдайда мақсат бұтағы келесідей болады: миссия – ортақ мақсаттар – спецификалық(локальдық).

Миссия құрылымы

Миссияның құрылымына келесідей факторлар әсер етеді: оларға – тарихи әдет-ғұрыптар, бәсекелестіктегі артықшылықтар, ұйымның потенциалы, қауіптері, басшылықтың және серіктестердің көзқарасы.

1. Ортақ мақсаттар (олардың саны әдетте 4-6) олар ұйымның ең маңызды мақсаттарын толығымен және бөлшектеп көрсетеді. Олар функционалдық және интегралдық болуы мүмкін. 1-сі бөлектенген түрлері , яғни қаржылық, маркетингтік, кадрлық және т.б . 2-сі тұрақтылықты қамтамасыз етумен, қажетті пайда, табыс, сату көлемі, сыртқы нарыққа шығумен байланысты.

2. Спецификалық( локальдық) мақсаттар әрбір бөлімшеде құрылады және негізгі мақсаттардың бөлініп кетуінде қолданылады. Олар әдетте қысқа және орта мерзімді уақыттарды қолданылады және жоспардың негізін құрайды. Олар операциондық және оперативтік болады. 1-сі бөлек жұмысшыларға қойылатын болса, 2-сі бөлімшеге қойылады.

3. Тактикалық мақсаттар- стратегиялық мақсатқа жетудің бөлек кезеңдерін көрсетеді.

4. Стратегиялық мақсаттар- үлкен кең көлемдегі жағдайларды шешуге арналған түрі, мысалы, халықаралық нарыққа шығу, құралдарды түпкілікті түрде ауыстыру т.б.

5. Қысқамерзімдік ( ағымдағы) мақсаттар – стратегиялық түрінен шыққан бұл түрі соны жүзеге асыруға бағытталады, ол әдетте 1 жылдық мерзімге жасалады.

6. Оперативтік мақсаттар – ағымдық түрінен анықталады және оны жүзеге асыруға бағаытталады, әдетте белгілі бір мерзімге, периодқа, 1 айға, күнге анықталады<ref name="source1">http://www.gitunik.ru</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Миссия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}