Тапсырма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тапсырма (Задание; job)
1) тапсырмаларды басқару тіліндегі программа;
2) өзгертумен анықталып, компьютермен орындалатын жұмыс бірлігі; орындалатын программаларды және оларға қажетті мәліметтерді анықтайтын басқару операторларының тізбегі болып келетін операциялық жүйе жұмысының бірлігі.

Алдыңғы жоспардагы тапсырма

Алдыңғы жоспардагы тапсырма (Задание переднего плана; foreground job) — жұмыс уақыты шектелмеген, графикалық құрылғымен байланысты тапсырма; уақыт үлестірілген жүйелерде — негізі жадтың свопингке шалдыққан бөлігінде орындалатын кез келген тапсырма.

База регистрінің айқын емес тапсырмасы

База регистрінің айқын емес тапсырмасы (Неявное задание регистра базы) — ассемблер тілінде — жазылуында база регистрінің нөмірін айқын түрде көрсетілмейтін команданың жазылу тәсілі. Программада ол регистр USING командасымен анықталып, "базаға ығыстыру" түрінде берілген адрестің бөлігі болады.

Бір рет орындалатын тапсырма

Бір рет орындалатын тапсырма (Однократное задание; one-shot job) — программа мен мәліметтердің сақталуы ескерілмеген бір рет орындалуға арналған тапсырма.

Дестеленген тапсырма

Дестеленген тапсырма (Пакетированное (пакетное) задание; batched job) — компьютерге енгізу үшін басқа тапсырмалармен біртүтас дестеге топтастырылған тапсырма.

Кідіртілген тапсырма

Кідіртілген тапсырма (Задержанное задание; deley job) — кідіртілген тапсырмалар кезегіне компьютер операторымен ауыстырылған тапсырма. Оператор оны осы кезектен шығармайынша тапсырма негізгі жадқа жүктелмейді (мысалы, кідірту HOLD командасымен, ал кідірістен шығару RELEASE операторымен орындалады),

Терминалдық тапсырма

Терминалдық тапсырма (Терминальное задание; terminal job) — компьютерге терминалдан уақыт бөлшектеу режімінде енгізілетін тапсырма. Техникалық тапсырма (Техническое задание) — жобаланатын өнімнің атқаратын міндеті мен қолдану саласын, техникалық, техника-экономикалық және арнайы талаптарды, тапсыру мен жобалау мерзімдерін, сынау түрлерін және т.б. мағлүматтарды қамтитын құжат. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тапсырма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}