Мирхонд Мұхаммед ибн Хавандшах

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мирхонд Мұхаммед ибн Хавандшах (1433 жылы, Балх – 24.2.(22.6.)1498, Герат) – парсы тарихшысы. Гераттағы Темір әулеттері сарайында қызмет еткен, Әлішер Науаидың әдеби үйірмесінің мүшесі. “Пайғамбарлар, патшалар мен халифтардың өмірбаяндары жөніндегі тазалық бағы” атты 7 томдық еңбегімен танылған. Мирхонд шығармалары еуропалық зерттеушілер үшін Иран мен Орта Азияның тарихы жөніндегі бірден-бір дерек ретінде ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Әсіресе 6-томның кейбір бөліктері мен бүкіл 7-томның (1522 жылға дейінгі оқиғаларды Мирхондтың немересі Хондемир толықтырған) құндылығы жоғары. Өйткені ондағы оқиғалар сол тұстағы адамдардың баяндауы негізінде жазылған. Қалған томдары бөгде зерттеулер мен шығармалар негізінде ешбір өңдеусіз құрастырылған. Бірақ шығармалардың көпшілігі біздің заманға дейін жетпеген. Мирхонд еңбектері Шығыста литографиялық әдіспен бірнеше рет басылды. Еуропада кейбір бөлімдері ғана аударылып, жарық көрді. Мирхонд шығармаларының толық тізімі А.Е. Крымскийдің 1917 жылы Мәскеуде жарық көрген “Персияның, оның әдебиеті мен дәруін теософиясының тарихы” (3-том) атты кітабында келтірілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мирхонд Мұхаммед ибн Хавандшах|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}