Мирабилит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Thenardite-Mirabilite-119681.jpg
Мирабилит минералы

Мирабилит, глаубер тұзы (Үлгі:Lang-la) – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: Na2SO4*10H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары призма, баған, қалақша, ине тәрізді. Кристалдық агрегаттары ұсақ түйірлі, топырақ секілді масса, сталактит түрінде кездеседі. Мирабилит мөлдір, түссіз, сұр, ақ, көгілдір, сарғыш болып келеді. Шыныдай жылтыр. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1,5 – 2, тығыздығы 1480 кг/м3. Дәмі күйдіргі ащы], құрғақ ауада ақ ұнтаққа, кейін тенардитке айналады. Ол тенардит, гипс, галитпен бірге кездеседі. Мирабилит сода өндіруге, шыны мен бояудың кейбір түрлерін, медицина мен ветеринария дәрі - дәрмектерін жасауда қолданылады. Қазақстанда Солтүстік Каспий, Арал теңізі маңындағы, Теңіз бен Сарыарқадағы кейбір тұзды көлдерде кездеседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref><ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}