Минералдану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gas particle movement.svg
Газ күйінің бөлшектері (атомдар, молекулалар, және иондар) электр өрісі жоқ кездегі еркін қозғалысы.

Минералданужер қыртысындағы түрлі ерітінділер, газ эманациялары, балқыған магма арқылы кентасты және бейкентасты минералдардың әкеліну, тұну және жаралу процесі. Күрделі минералдық кешендердің пайда болуы жер қойнауындағы физикалық - химиялық ортаның жай-күйіне байланысты. Түрлі металдар мен олардың минералдарының басты, қосалқы кендері бойынша сипатталатын металлогендық белдеулер мен аймақтар сияқты орасан зор аудандардың жалпы металлогендық ерекшеліктері Минералдану типі деп аталады. Кеңес ғалымы Ю.А. Билибин (1901 – 1952 жылдары) бұл түсінікті мынадай түрлерге бөлді: шығысазиялық, батысеуропалық және оралдық. Шығысазиялық типте (Тынықмұхиттық металлогендық белдеудің сыртқы белдемінде) басты орынды Sn, W, Au алады. Бұл типке Pb, Zn, Mo, Fe, As, Sb сияқты металдардың Минералданулары жатады. Батысеуропалық типте (Жерортатеңіздік металлогендық белдеулердің сыртқы белдемінде) жетекші орын Zn, Pb, Ag, Ba, F, Ca үлесіне тиеді. Оралдық типте (металогендық белдеудің ішкі белдемінде) Cu, Fe, Mo, Cr металдары басты орын алады. Бұл типте , Au, Ag, As, Hg, Al, S, P Минералданулары жиі байқалады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Минералдану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}