Микрохирургия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Хирургия салалары

Сурет:Szymanowski saw.jpg
орыс хирург Юлия Шимановсийдің (1829-1868) резекционный құралы

Микрохирургия(микро... және хирургия) – жалпы хирургияның бір тармағы. Кейінгі уақытта жедел дамып келе жатқан хирургияның бұл түрінде хирургиялық операциялар ұсақ, көлемі кішкентай органдар мен тіндерге жасалады. Ондай операциялар бұрын тек көз ауруларын емдеуде (офтальмохирургия) ғана жасалатын болса, қазір адам организмінің барлық органдарына қолданылып келеді. Микрохирургия көбінесе жіңішке қан тамырларының, жүйке талшықтарының бүтіндігі бұзылғанда оны жою үшін, немесе әр түрлі жүйелердің ауруларын емдеуде қолданылады. Микрохирургиялық операциялардың өзіндік ерекшеліктері көп, сондықтан олар іске асырылатын бөлмеде арнайы аспаптар (микроскоп, арнайы көзілдірік, т.б.), операцияға қажетті саймандар, ине, жіптер болуы қажет. Қазіргі уақытта Микрохирургиялық операциялар қан тамырлары мен жүрек және жүйке жүйесінің ауруларына, бір органды алмастыру кезінде, қол, аяқ, мұрын, құлақ жарақаттарын (олар денеден бөлініп, ажырап кеткенде) орнына қайта тігу, т.б. кезінде жасалады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}