Микрокредиттік ұйымдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Микрокредиттік ұйымдар

Микрокредиттік ұйымдар — бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

2006 жыл әлемдегі микрокредит беру саласындағы жоғары жетістіктерді тану жылы болды, осы жылы әлемнің Нобель сыйлығы пайда болған сонау заманнан бері алғаш рет оның лауреаты кедейшілікпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімді арттыру бойынша халықаралық іске қомақты үлес қосқаны үшін Бангладеш Экономика профессоры және банкир Мұхаммед Юнус және ол құрған «Гремин банк» болды. Нобель Комитетінің ресми дәлелдемесі бойынша Мұхаммед Юнус «... осындай немесе өзгедей себептермен, ол оны немен төлейтінін білмейтіндіктен, жағдайы немесе жылжымайтын мүлігі жоқ болғандықтан қалыпты банктік кредит ала алмайтын адамдарға микрокредиттер бере отырып айрықша пайдалы қызметпен айналысады...». Бүгінгі күні Мұхаммед Юнустың тәжірибесі барлық әлем бойынша таратылған.

Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру — кедейшілік деңгейін төмендету және микро- және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген.

Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро- және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін- өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру түсініледі.

Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  • бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру;
  • қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері —кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту;
  • өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған жіктерін қаржыландыру. Бұл жерде табыс деңгейі төмен, жұмыссыздар және кәсіпкер-әйелдер туралы әңгіме болып отыр.

Микроқаржыландыруды және микрокредит беруді зерттеу халықтың аз қамтылған санатына қаржылық қызметтер көрсететін микроқаржылық институттар қызметінің жалпы үлгерімділігін көрсетеді. Бұл жағдайда микроқаржылық ұйымдар қызметінің және бағдарлама клиенттерінің өмір сүру деңгейін арттырумен байланысты қаржылық көрсеткіштерден туындаған экономикалық әсердің үйлесімі байқалады. Микроқаржыландыру үй шаруашылығы мен жеке дара кәсіпкерліктің жыл сайынғы табысының деңгейін біртіндеп көтере отырып кедейшіліктің тамырын жоюға ықпал етуі мүмкін.

Микроқаржыландырудың халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер етуінің негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:

Микроқаржыландыру институттарының ұйымдық-құқықтық нысаны әртүрлі болуы мүмкін (мемлекеттік коммерциялық емес мекеме, коммерциялық емес қор, өзара кредит берудің кооперативі және т.б.) және қаржыландыру көзімен, қолданыстағы заңнамамен және салық салумен айқындалады.

Микрокредит беру жүйесінің қалыптасу проблемасын шешуде мәні өндірісті дамыту үшін қолайлы салықтық және инвестициялық климат жасау, қаржылық институционалдық инфрақұрылым құрудағы бизнесті кеңейту, кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған мемлекет маңызды рөл ойнайды.

Микрокредит беру жүйесі өз негізін ел Презвдентінің халыққа Жоллауынан алады «Қазақстан — 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997), онда «ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микрокредит беру арқылы шешілетін болады...» делінген.

Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес стратегиясы 1998 - 2000 жылдары микрокредит енгізуге және шағын және орта бизнесті дамытуға негізделді.

«Елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа жүз жылдықтағы экономикалық және саяси реформа туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Жолдауына (30.09.1998) сәйкес Үкімет алдына сегіз нақты міндеттер қойылды, олардың анағұрлым маңыздылары мыналар болды:

  1. жыл ішінде кемінде 30 анағұрлым қамтамасыз етілген азаматтарға бірінші кезекте ауылда жұмыс орындарын құру үшін 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына баламалы сомада микрокредиттер беру;
  2. 1998 жылдан бастап кемінде 100 миллион АҚШ доллары сомасында шағын және орта бизнесті дамытуға, фермерлік шаруашылыққа, жұмыс орындарын құруға кредиттер беру.

Осылайша, Елбасының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микрокредит берудің 1998 - 2000 жылдарға арналған бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.1998 жылы №14 Қаулысы) қабылдау үшін алғышарт балды. Осы Бағдарламаға сәйкес азаматтарға, ресми тіркелген жұмыссыздарға, олар мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың кез келген түрінен ерікті бас тартқан жағдайда өз ісін жасауға микрокредиттер берілді.

Микрокредиттік жүйе құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда 2003 жылғы наурызда Қазақстанда «Микрокредиттік ұйымдар туралы» арнайы Заң қабылданды. Бұл Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастарды реттейді.

Осы Заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдар коммерциялық ұйымдар - шаруашылық серіктестіктер және коммерциялық емес ұйымдар — қоғамдық қорлар нысанында құрылады. Кредит мөлшері 1000 мәрте АЕК мөлшерімен шектелген болатын. МКҰ микрокредиттер беруден басқа қызметтін, қосымша түрлеріне ие. МКҰ өз қызметін микрокредиттер беру ережелері бар болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілемелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу болып табылады.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген жеке немесе занды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттің максималды сомасы 1,0 млн. теңгеден (1000 есе айлық есептік көрсеткіш — АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000 АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда езіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. (Мысалы: шаштараз немесе дүкен ашу үшін Астана қаласының жақсы ауданынан бір белмелі пәтер сатып алу, шамамен 50 000 АҚШ доллары тұрады, бұл 6,3 млн. теңгеге жақын. Осы пәтерді қайта жабдықтауға 1,0 млн. теңге және жабдық, мандайша және шикізат сатып алуға — қалған 1,4 млн. теңге қажет болады).

Микрокредит беруді дамытудағы мақсат шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсімін ынталандыру болып табылатын мамандандырылған мемлекеттік орган ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акдионерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет.

Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.

Қор, нәтижесінде елдің кредиттік жүйесінің үш деңгейінің біреуін айтарлықтай дамытуға қол жеткізілетін Қазақстанда микрокредит беруді дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}