Механика Және Машинатану Институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Механика Және Машинатану Институты 1991 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған. Механика және машинатану салаларында іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттікқазыналық кәсіпорын.

Құрамы

Негізгі ғылыми бағыттары

Негізгі ғылыми бағыттары – жоғары класты жазық және кеңістіктік механизмдердің аналитикалық теориясы және олардың негізінде принципті жаңа машиналар, механизмдер және манипуляциялық қондырғылар жасауға; динамикалық параметрлердің өзгергіштігін ескеретін машиналар мен жүйелердің динамикасын, беріктігін, сенімділігін және орнықтылығын, роботты техникалық жүйелерді автоматты жобалауға және басқаруға Жердегі табиғи және техногендік процестердің механикасын, сейсмикалық берік ғимараттарды жобалаудың, құрастырудың, есептеудің, терең және өте терең ұңғымалардың орнықтылығының теориялық негіздерін, әр түрлі орталар мен күш өрістеріндегі табиғи және жасанды аспан денелерінің динамикасын зерттеуге арналған. Институт ғалымдары машинатанудың, Жер және тау жыныстары мен жер асты ғимараттарының, грунттар мен деформацияланатын қатты денелер механикасының; табиғи және техногендік сипаттағы әр түрлі әсерлер кезіндегі кен орындарын (континент пен теңіз қайраңындағы мұнай мен газ орындарын) үлкен көлемде және қарқынды түрде игерудің іргелі негіздерін жасады. Институтта ҚР ӨҰА академиктері Ұ.Уәлиев, М.Молдабеков және 16 ғылым докторы, 38 ғылым кандидаты қызмет атқарады.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Механика Және Машинатану Институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}