Қазыналық кәсіпорын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазыналық кәсіпорын - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылып, құрылтайшы бекіткен қазыналық, кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Мұндай кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетілуге тиіс.

Қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс жәрдем беру жауаптылығын өз мойына алады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}