Металл еместер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:DPS raw.png
Металл еместер.

Металл еместерфизикалық және химиялық қасиеттері металдардың қасиеттеріне қарағанда керісінше болатын заттар.

Жалпы мағлұмат

Элементтердің периодты жүйесіндегі 22 элемент металл еместер қатарына жатады. Кәдімгі жағдайда He, Ne, Ar, Kr, Xe, Rn, H2, O2, N2, F2, Cl2газдар, Br2 – сұйық, ал қалғандары қатты заттар. Олардың атомдары арасында ковалентті байланыстар түзіледі.
Металл еместер түзетін жай заттар металдарға қарағанда жылу мен электр тогын нашар өткізеді және оларға пластикалық қасиеттер тән емес. Электрондық құрылысы жағынан сутек және гелий s-элементтерге, ал қалғандары p-элементтерге жатады. Металл еместер атомдарының иондану энергиясы мен электрон қармағыштығы металл атомдарына қарағанда жоғары, ал салыстырмалы электр терістіктері 2 – 4 аралығында болады. Салыстырмалы электр терістігі ең жоғары элемент – фтор. Сондықтан ол тек тотықтырғыш қасиет қана көрсетеді. Қалған металл еместердің тотықтырғыштық қасиеттері олардың периодтық кестедегі орнымен анықталады. Периодтарда ол солдан оңға қарай, ал топшаларда жоғарыдан төмен қарай артады. Осыған байланысты әр топтың негізгі топшаларында элементтің атомдық нөмірі артқан сайын олардың металл еместік қасиеттері әлсіреп, металдық қасиеттері күшейе түседі. Бұл периодтарда солдан оңға қарай электр терістіктің және электрон қармағыштығының артуымен, ал негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай олардың кемуіне байланысты. Металл еместер топырақ массасының 84%-ын, өсімдік массасының 98,5%-ын және адам денесінің 97,5%-ын құрайды.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Металл еместер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}