Иондану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иондану - электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардың оң және теріс зарядталған иондарға айналу процесі; химиялық әрекеттесу барысында, заттарды қыздырған жағдайда, күшті электр өрістері, жарық сәулелері немесе басқа да сәулелер әсерінен жүзеге асуы мүмкін. <ref> Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4</ref>

Заттар өздерінің үш түрлі жағдайында да, яғни қатты, сұйық және газ күйінде иондана алады. Заттардың иондану дәрежесі олардың табиғатына, температурасына, сәулелер түріндегі энергия мөлшеріне т. б. жайттарға байланысты. Радиометрлік аспаптардың көпшілігі нақ осы заттардың иондану қабілетіне негізделіп жасалған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}