Мемлекеттің дұрыс және бұрыс түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мемлекеттің дұрыс және бұрыс түрлері - ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің "Саясат" еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның "Мінсіз мемлекет" ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің "шексіз жақсы" үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, әйел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс және бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай (біреу ме, бернешеу ме, әлде, көпшілік пе) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: 1) монархия (бір адамның билігі); 2) аристократия (азшылықтың билігі); 3) полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон "мінсіз мемлекетті" іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, "ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға" келісті.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мемлекеттің дұрыс және бұрыс түрлері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}