Монархия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Монархия <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.</ref> (Үлгі:Lang-el – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ерте феодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды. Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх “теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған Монархияны тудырды.

Біртұтас иерархиялық мемлекет аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз Монархияның құрылуына алып келді. Шексіз Монархияда заң шығару, атқару, сот – үш билік те монархтың қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды. Монархиялық елдер конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, Конституц. Монархия пайда болды. Ондай мемлекетте монарх құзырындағы мәселелер конституцияда нақты белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу, бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды мәселелер) әрі ол мемл. билік тармақтарының арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде көбіне монарх билігі символик. сипатта болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы ел бірлігі мен билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің органы немесе тікелей халықтың өзі дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси талас-тартыс үкімет билігі маңайында жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды. Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания, Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер – Монархиялық мемлекеттер. Бұған қоса кейбір Африка және Тынық мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ мемлекеттерде Монархиялық билік сақталған.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

XVI-XVII ғасырлардағы монархия

XV ғ. соңында француз, испан және ағылшын жерлеріндегі корольдардың «жиналысы» аяқталып, ірі мемлекеттер пайда болды. XVI ғ. басында Еуропада мемлекеттік биліктің жаңа формасы – абсолюттік монархия шықты. Оның басты ерекшелігі – билеушінің шексіз билігі. Парламент шақырудан бас тарту арқылы билеуші қазынадан жалақы алып отырғандықтан , монархияға адал берілген шенеуніктерге арқа сүйеді. Король қолындағы басқарудың маңызды тетіктері – орталықтандырылған қаржы жүйесі мен тұрақты әскер болды. Абсолютизмнің жақтаушылары король Құдай тарапынан шексіз билікке ие болғандықтан, ол жер бетіндегі құдайлық тәртіптің, әділдіктің кепілі деп сендірді. Монархтың қалауына деген кез – келген қарсылыққа тиым салынды. Сарайда болып жатқанның бәрі – қатаң түрде сарай маңы салтының ережелеріне бағындырылған-ды. Монархтың ұйқыдан тұруы мен ұйқыға кетуі, оның киінуі, тамақтануы, шығуы, шетелдік елшілерді қабылдауының бәрі егжей–тегжейлі жоспарланған. Патшаның ұлықталуына салтанатты сарайлар мен қамалдардан тұратын резиденциялар қызмет етті. Олар әйгілі антикалық, мифологиялық және тарихи сюжетті кескіндер мен мүсіндермен әсем безендірілді. XVII ғ. өндіріс пен сауданың дамуы қоғамдағы жаңа буржуазия табының қалыптасуына алып келді. Олар мануфактуралардың иелері, саудагерлер, банкирлер болды. Буржуазия өкілдері саяси басқаруға деген өздерінің құқықтары бар екенін жиі білдіретін. Англияда корольдің парламентпен бәсекелестігі төңкеріске ұласты. Бірнеше жылға созылған саяси және әскери қақтығыстардан кейін ғана монархтың билігін шектеу керектігі туралы шешім қабылданды. Король парламент шығарған заңды жоққа шығару құқығынан бас тартып, оны тұрақты түрде жинап, парламент бостандығын яғни депутаттың дербес құқықтығы мен сөз бостандығын бұзбауға міндеттенді. Француз мемлекеттілігінің нығаюына іс жүзінде оны басқарған кадинал Ришелье көп еңбек сіңірді. Ол өз саясатының негізін былай түсіндірді: «Менің бірінші мақсатым корольдің ұлықталуы, екінші мақсатым корольдіктің ұлықталуы» .

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Үлгі:Навигациялық кесте