Маңқыстау Тыныштықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маңқыстау Тыныштықұлы (дүниеге келген жылы белгісіз) - 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында жасаған қазақ ақыны. Ескіше хат таныған. Араб, парсы, көне түрік тілдерін жақсы білген. Аудармамен айналысып, қисса-дастандарды кітап етіп бастырумен шұғылданған. Мысалы, ол Қожа Ахмед Ясауидің "Диуани хикмәт" атты жинағын Қазан каласында Каримовтар баспаханасында 1901 ж. жеке кітап етіп бастырып шығарған. Маңқыстау өз тарапынан да жыр-дастандар жазған ақын. Мысалы: оның "Сұлтан Сейт-Баттал Ғазудың кереметтері" атты дастаны 1808 ж., "Хазрети Зұлқарнайынның хикмәті" атты толғауы 1909 ж. Қазандағы Хусайновтар баспаханасында деке кітап болып шыққан.<ref>Қазақ энциклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер