Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры - мәдени-сахналық мекеме. Ресми түрде 2003 жылы 21 наурызда ашылды. Тұңғыш спектакльдері Т.Әліпбаевтің "Томирис" (режиссері Г.Мерғалиева) және Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" (режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Р.Машурова) болды. Театрдың директоры Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Н.Мұханұлы, бас режиссер Мерғалиева. Актерлері - өнер ақадемиясының 2003 жылы бітірген түлектері (30 актер). Сондай-ақ, театр репертуарында Б.Беделханұлының "Махамбет", У.Шекспирдің "Ромео мен Джульетта", А.Н. Толстойдың "Алтын кілт", Мольердің "Тартюф", т.б. спектакльдері бар. 2003 ж. мамыр айында Н.Саңтың 100 жылдығына арналған жастар мен балалар спектакльдерінің республикалық фестивалінде "Тұсау кесер" номинациясы бойынша "Томирис" спектаклі үшін арнайы дишюммен марапатталды. 2003 ж. 11 Республикалық театрлар фестивалінде "Махамбет" поэтикалық драмасын сахналағаны үшін режиссер Мерғалиеваға "Ең үздік режиссерлік ізденісі үшін" жүлдесі, лауреат атағы берілді. 2004 ж. режиссер Мерғалиева "Тарлан" сыйлығын иеленді. 2004 ж. қараша айында Астанада өткен 8- Халықаралық "Шабыт" фестивалінде театр актерлері "38 немесе Қарақұрт" деп атаған эклектика жанрына құрылған спектаклімен катысып театр енері иоминациясы бойынша "Бас жүлдені" жеңіп алды. Сондай-ақ, режиссер Мерғалиева "Таңдаулы режиссер", сахна қозғалыстар маманы Г.Зиятова "Үздік сахна костюмі" дииломдарына ие болды. Театр ғимараты екі залдан тұрады. Кіші залы - 250, үлкен залы - 700 орындық. Екі тілде (казак және орыс) спектакльдер көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}