Матасу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Матасусинтаксистік байланыс түрлерінің бірі. М-дың бірінші сыңары ілік септігінде, екіншісі тәуелдік жалғауында келіп, сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады. Мағыналық және тұлғалық жағынан мәндес сөздер тіркеседі, М-дың сыңарлары:

және 
Мыс., ананың қуанышы, кішінің көмегі, жақсының шапағаты. 

М-дың ерекшеліктері: ілік септігіндегі сөз граммат. жағынан тиянақсыз болып, тәуелдік жалғаулы сөзді қажет етеді. Ілік септікті сөз негізгі саналып, нысанның иесі болады, ал тәуелдік жалғаулы сөз нысанның меншіктік қасиетін білдіреді. М. сыңарлары сөйлемде қатар және алшақ тұрып байланысады.
М-дың 4 мағыналық қатынасы бар:

  1. меншіктік — университеттің кітапханасы, құстың шырылы;
  2. бүтін мен бөлшектік — көздің қарашығы, кітаптың мұқабасы;
  3. зат пен құбылыстар арасындағы қатыстық — күннің күркіреуі, желдің лебі;
  4. туыстық — Абайдың ұрпағы, Дананың әжесі.

Қолданыста М-дың екі түрі кездеседі: толық М. және толымсыз М.

Толық М-да қосымша тұлғалар толық сақталады: баланың күлкісі, үйдің берекесі. 

Толымсыз М- да, ілік септігі түсіріліп, сөздер қатынасы тәуелдік тұлға арқылы көрінеді: арман қуаты, жүрек жылуы. Тіл дамуында М. лексикаланып, атаулық сипатқа ие болады: балалар бақшасы, жер шары, еңбекақы, т.б.
М. арқылы жаңа терминдер жасалады: абай шумағы, басқару жүйесі, архив қоры, тыныс демікпесі, кітапхана ғимараты.
М-ды М.Балақаев, Р.Әмір, Е.Ағманов, Ә.Аблақов, С.Исаев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдар зерттеді.

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967; Ағманов Е., Қазақ тілінің тарихи синтаксисі, А., 1991;
Балақаев М., Сайрамбаев Т., Қазіргі қазақ тілі. А., 1997. А. Салқынбай
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Матасу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}