Масс-Спектроскопия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Масс-Спектроскопия (масс-спектрометрия, масс-спектрлік талдау) — затты оның құрамына кіретін атомдар мен молекулалардың массаларын және бұлардың санын анықтау жолымен зерттеу әдісі. Массалар мәндерінің жиынтығы және бұлардың салыстырмалы құрамы масс-спектр деп аталады. М.- с-да m массасының е зарядқа қатынастарының шамасы әр түрлі иондарды вакуумда электр және магнит өрістерінің әсері арқылы бөлуде (жіктеуде) қолданылады (қ. Масс-спектрометр). Сондықтан зерттелетін зат алдымен иондалады (егер ол, мыс., электр разрядында немесе планеталардың ионосферасында иондалмаған болса).

Тарихы

Алғашқы масс-спектрлерді Ұлыбританияда 1910 ж. Дж. Дж. Томсон, кейін 1919 ж. Ф.Астон алды. Осының нәтижесінде тұрақты изотоптар ашылды. М.-с. алғашқы кезде, көбіне элементтердің изотоптық құрамын анықтау және ат. массаларды дәлірек өлшеу үшін қолданылды. М.-с. осы кезге дейін ядро мен атом массалары жайында мәліметтер алудың негізгі әдістерінің бірі. Изотоптық талдау әдісі ретінде М.-с-ның жоғары дәлдігі мен сезгіштігі оны элементтердің изотоптық құрамын білу аса қажетті болатын басқа салаларда, ең алдымен ядр. энергетикада қолдануға мүмкіндік туғызды. Геология және геохимияда бір қатар элементтердің (Pb, Ar, т.б.) изотоптық құрамын масс-спектрлік өлшеу тау жыныстары мен түзілістерінің жасын анықтау әдістерінің негізіне алынған. М.-с. көмегіменЖердің, Шолпанның, Марстың жоғ. атмосфера қабаттарының бейтарап және иондық құрамына өлшеу жүргізілген (осы сияқты өлшеулерді басқа планеталардың атмосфера құрамына жүргізуге болады). М.-с. әдісінің абс. сезгіштігінің өте жоғары болуы оны заттың өте аз мөлшеріне (~10–13 г) талдау жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. М.-с. әдісі химияда элементтік, молек. және құрылымдық талдау жасау үшін кеңінен пайдаланылады. К. Жұманов

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Масс-Спектроскопия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}