Томсон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Томсон» (компания) – Франциядағы электроника саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан компьютерлік өнімдер шығарумен және зерттеумен айналысатын компания.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>

Ол компьютер бағдарламаларын зерттей отырып, олардың жаңа нұсқаларын ойлап табады. Компьютер жүйесін зерттеу бойынша әлемде 21 орында тұрса, электроника саласы бойынша экспортқа өнім шығаруда 5 орын алады. Францияда және шетелдерде 190 зауыты бар. Оның зауыттарында 129 мың адам еңбек етуде.Күнделікті тұрмыстағы электротехника, электроника (теледидар, бейнемагнитофон, теле және радиоаппаратура, кабель, үй компьютерлері, радио және телебайланыс жүйелеріне жабдықтар, т.б.), авиация мен флотқа электрондық жабдықтар т.б.шығарумен айналысады. Жылдық айналымы 10 млрд долдлар көлемінде.

Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}