Малбағар Мендіқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мендіқұлов Малбағар (10.11. 1909, Орынбор облысы Адамовка ауданы Қарабұтақ ауылы - 17.8.1986, Алматы) - архитектор, сәулет өнері ғылымының профессоры (1976), Қазақстанның еңбек сіңірген архитектор (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ташкент Орта Азия индустрия (қазіргі политехникалық) институтын бітірген (1936). 1937 - 1941 ж. және 1945 - 1947 ж. Ташкент қаласында қызмет етті. 1953 - 62 ж. Қазақстан ғылым академиясының Архитектуралық құрылыс материалдар институтының директоры, Қазақстан Министрлігінің Кеңесінің жанындағы архитектуралық істері басқармасының бастығы, КСРО Құрылыс және архитектуралық академиясы қазақ филиалының жетекшісі, 1964 - 1971 ж. Алматы қаласының бас архитекторлық қызметін атқарды. 1971 - 80 ж. Қазақ политехникалық институты архитектура тарихы кафедрасының меңгерушісі (1976 жылдан профессор) болды. Архитектура саласындағы басты еңбектері: Ташкент газет-журнал комбинатының үйі (1959, басқалармен бірге) және М.Әуезов пен Жамбыл ескерткіштері, т.б. Қызыл Ту, 1-және 2- дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, "Құрмет белгісі" ордендері және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}