Майя Санчуновна Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Майя Санчуновна Пак 1936 жылы 20 қыркүйекте РКФСР Приморск өлкесінде туған. Корей. Әкесі - Пак Санчун. Анасы - Нам Мария. Орыс және корей тілдерін біледі. 1961 жылдан бері - Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының актрисасы. Келесі спектакльдерде ойнайды: Тхай Дян Чун, «Чун Хян бойжеткөн туралы аңыз» (Чун Хян); Ен Сен Нен, «Сим Чен бойжеткен туралы аңыз» (Сим Чен); «Машенька» (Машенька); Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, «Қарагөз» (Қарагөз); Мұхтар Омарханұлы Әуезов, «Қобыланды» (Қарлығаш); Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (Баян); Г. Лорка, «Бернарда Альбаның үйі» (Магдалена); Мен Дон Ук, «Эран» (Эран); Ен Сен Ен, «Әйел тағдыры» (Әйел); Хан Дин, «Янбан туралы аңыз» (Янбанның әйелі); Т. Миннулин, «Әлди» (Дәрігер); А. Ким, «Көкектің сыңсуы» (Анасы); Хан Дин, «Хынбу туралы аңыз» (Хынбудың әйелі); Хан Дин, «Тірі Будда» (Әйелі); Цой Ен Гын, «Ариран» (Анасы); Ли Ен Хо, «Чун Хян бойжеткен туралы аңыз» (Кисэн) және т.б. «Еңбек ардагері» медалімен (1987); В.И. Лениннің 100 жылдығына және ҚазКСР 50 жылдығына арналған 2-ші дәрежелі дипломдармен марапатталған. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1980). Үлы - Тен Родион (1967 ж. т.), композитор; қызы - Тен Лилия (1972 ж. т.), балерина болған. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub