Майра Ғалымжанқызы Әбдірахманова
Майра Ғалымжанқызы Әбдірахманова (1956 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2003).
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1979, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды қаласындағы диагностикалық орталықта дәрігер-невропатолог (1990–1998), Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық ортасында кіші ғылыми қызметкер (1998–2002), ал 2002 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Әбдірахманова 70-тен астам ғылым еңбектің, оның ішінде екі монографияның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Шығармалар:
- «Цереброваскулярная недостаточность у горных рабочих с артериальной гипертензией», 2002;
- «Диагностика цереброваскулярной недостаточности и коррекция дисрегуляции сосудов методом биологической обратной связи», 2002
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Суретсіз мақала