Магмалық жыныстардың структурасы және текстурасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Магмалық жыныстардың структурасы және текстурасы. Магмалық жыныстардың минералдық құрамына және қатаю жағдайына байланысты, олардың ішкі кристалдық структурасы мен текстурасы әр түрлі болып келеді. Текстура дегеніміз — тау жыныстарындағы минералдардың түйіртпектері мен ұсақ бөлшектерінің орналасу тәртібі. Магмалық жыныстардың структурасы толық кристалды, шала кристалды, шынылы және аралас кристалды болып бөлінеді.

  • Толық кристалды түйірлі структурада жыныс құрамындағы барлық минералдар толық кристалдар формасында болады. Ол кристалдар көбінесе жай көзге көрінерліктей едәуір ірі, мысалы, диаметрі бірнеше миллиметр келеді. Мұндай структура баяу салқындайтын интрузивтік жыныстарда болады.
  • Шынылы структурада жеке минералдарды бір-бірінен жай көзбен айыруға болмайды, олардың кристалдық формалары да байқалмайды, бәрі бір тұтас шыны пішіндес келеді. Мұндай структура тез салқындап, шапшаң қатаятын эффузивтік жыныстарда болады. Осы белгілері бойынша интрузия мен эффузияларды бір-бірінен ажырату оп-оңай.
  • Шала-кристалды түйірлі структура — эффузивтік кристалдардың шыны араласқан түрі. Сонымен қатар жердің үстіңгі қабатында пайда болған шала терең жыныстарда да шыны болуы мүмкін. Шала кристалдағы түйірлі структуралар жердің терең қабатындағы магманың кристалдануының жер бетінде аяқталуынан да пайда болады.

Толық кристалды структураның арасындағы түйіршіктердің көлемдеріне қарай бір қалыпты түйіршікті, бір қалыпты емес, аралас түйіршікті структуралар болады. Бір қалыпты түйіршіктінің мысалы гранит. Бір қалыпты емес түйіршікті структураның- болуы жыныс пайда болу процесінің көбінесе үздік-үздік болатындығын дәлелдейді. Жыныстың пайда болуы өте ертеде басталынып, жер бетіне жақындағанда аяқталады. Аралас түйіршікті структураларға порфирлі және порфир тәрізді структуралар жатады.

Порфирлі структуралар. Ірі кристалдар (порфирлер) шыны немесе майда түйірлі бөлшектер арасында болады. Олар ірі кристалдар, яғни шашырап таралған шұбартастар. Порфирлі іструқтуралар эффузивтік жыныстарда көп кездеседі. Толық кристалды жыныстардың структурасы бірнеше түрге бөлінеді: идиоморфтық , аллотриоморфтық және гипиодиоморфтық структуралар. Олар жыныс құраушы минералдардың кристалдық дәрежесін (жетілгендігін) көрсетеді.

  • Идиоморфтық деп өзіне лайықты қырлары, меншікті формасы бар әдемі кристалдарды айтады.
  • Аллотриоморфтық (ксеноморфтық ) болып аталатын минералдар, өз формасында емес, басқа минералдардың арасын толтырып тұратын қисық формалар түрінде болады.
  • Гипидиоморфтық структура — күрделі тереңдік жыныстардың түйірлі структурасы, оның минералдарының идиоморфтығы әр түрлі дәрежеде болады.

Офиттік структурада түсті минералдардың ортасында идиоморфтық плагиоклаз призмалары болады. Габбро структура — габбро жыныстарға тән, ол минералдардың изометриялық аллотриоморфтық формаларынан тұрады. Магмалық жыныстар бір тектес және бір тектес емес текстураға бөлінеді. Бір тектес (массивтік) текстурада жыныс құраушы бөлшектер бір қалыпта таралады. Оның барлық жеріндегі құрамы мен структурасы бірдей болады. Бір тектес текстуралар кристалданудың тыныш қалпында, бөтен кірмелердің жоқ кезінде құрылады. Бір тектес структура магмалық жыныстарда өте жиі кездеседі.

Бір тектес емес (такситтік) текстура жыныс массасында құрамдарының бір қалыпты болмай тарауынан пайда болады. Жыныс әр түрлі минералдық құрамның немесе әртүрлі структураның қабаттарынан тұрады. Гнейс тәрізді (тақта тас тәрізді) текстурада призмалық және қабыршақты минералдар магмалық жыныста бір-біріне параллель орналасып жатады. Гнейс тәрізді текстура көбінесе интрузивтік массивтердін, айнала шеттерінде пайда болады.Оның шығуы жыныстың пайда болу кезіндегі магманың қозғалуы мен қысымның бір беткей болуына байланысты.

Кеуек (уақ тесікті) текстуралы жыныстардың микроскоптық кеуектері және қуыстары болады. Мұндай текстураға қарама-қарсы тығыз текстура болады. Кеуек текстура тек эффузивтік жыныстарда кездеседі. Ол әсіресе газы көп қышқыл тұтқыр лаваларға тән нәрсе. Магмалық жыныстардың текстурасына жататын шлир, ксенолит деген түсініктер бар. Магма салқындай бастағанда кейбір жағдайларда оның түсті (қара коңыр) минералдары ең алдымен қатайып кристалданып, сонан кейін бір бөлек кесек болып жиналып, магма ішінде бірге қатаяды. Оның қышқылдығы басқа магмадан кемірек болады. Осындай бөлшектерді шлир деп атайды. Егер айналасындағы қатты тау жыныстарының кесектері магма ішіне кіріп, сонымен бірге қататын болса, оны ксенолит дейді.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}