Ләйлә Тұрсынбекқызы Әлпиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ләйлә Тұрсынбекқызы Әлпиева 1974 жылы 20 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жұмағалиев Тұрсынбек Төлесінұлы, марқұм, философ болған. Анасы - Көшербаева Роза Мәулітқызы, марқұм, инженер болып жұмыс істеген. Селезнев атындағы хореографиялық училищесін бітірген (1992); Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының хореография режиссурасы факультетін Б.Г. Аюхановтың классынан бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1994 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. 1996 жылдан 1997 жылдары, 1999 жылдан 2000 жылдары - Словакия ұлттық опера және балет театрының солисі (Братислава). Жетекші балет партияларын орындайды: «Аққулар көлі» (Одетта), «Жизель» (Жизель), «Щелкунчик» (Маша), «Дон Кихот» (Китри), «Пахита» (Пахита), «Бақшасарай фонтаны» (Мария), «Сильфида» (Сильфида), «Корсар» (Гүлнар), «Спартак» (Эгина), «Ұйқыдағы ару» (Аврора). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. «Майя-94» (Санкт-Петербург, 1994) конкурсының дипломанты. Варнадағы (1996); Будапештегі (1996) Халықаралық балет әртістері конкурсының; «Тарлан» (2000) тәуелсіз сыйлығының лауреаты. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «ҚР экономикалық және әлеуметтік өсуі». Хоббиі - автомобиль жүргізу. Сүйіп оқитын әдебиеті - О. Хайям, П. Коэльо. Ұлдары - Мәди, оқушы (1993 жылы туған), Марат (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub