Литосфералық тақталар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталған. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасыныњ ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ?SВN 5-7667-8188-1, ?SВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub