Цунами

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Цунами (Үлгі:Lang-ja Үлгі:IPA) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 метрден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 метрге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы 400 — 800 км/сағатқа дейін. Мысалы: адамзат тарихындағы Цунамимен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.

Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8,9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 метрден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Цунамидің жойқын күшінен 300000 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.

Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңт.- Шығыс Азияда, Оңт. Америкада) жиі қайталанады. 20 ғасырдыңдың 40 — 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Цунами қызметі құрылды. Болжам Цунами толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

Цунами дегеніміз не?

Жерасты жер сілкінулері цунами деп аталатын орасан зор толқындардан болады. Бұл толқындар сағатына 800 км жылдамдықпен қозғалады, ашық тенізде көрінбеуі де мүмкін. Алайда судың таяз жерінде 30 метр биіктікке дейінгі алып су қабырғаларына айналып, жолындағының бәрін қирата отырып, құрлыққа қарай бағыт алады. Оның алдын алу жүйесі Тынық мұхиты бассейнінде 1948 жылы әзірленді, цунамидың көпшілігі осы жерде болады. Толқын соққысына дейін бірнеше сағат ішінде адамдар қауіпті аудандардан шығарылып, цунами зардаптарын азайтуға болады. <ref>Сұрақ және жауап. Энциклопедия</ref>

Үлгі:Commons

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Цунами|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}