Ландшафт құраушылары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ландшафт құраушылар, географиялық құраушылар (компоненттер) — географиялық қабық пен кешенді құраушы жеке бөліктер. Оған тау жыныстары, жер бедерінің түрі, жер бетіндегі және астындағы сулар, ауа массалары, өсімдік және топырақ жамылғысы, жануарлар дүниесі жатады. Физикалық географияның арнаулы салалары (геоморфология, гидрология, метеорология, геоботаника, зоогеография, т.б.) Ландшафт құраушыларды жеке-жеке зерттейді.