Зоогеография

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зоогеография (грекше: zoon - жануар және география) – Жер шарындағы жануарлар дүниесінің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биогеографияның бөлімі.

Зоогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Құрлықтағы организмдерді зоогеографиялық тұрғыда жіктеуді Н.А.Северцов пен М.А.Мензбир экологиялық және тарихи тұрғыдан қарастырған. Құрлықтағы зоогеографиялық аудандастыруда В.Гептнердің жүйесі негізге алынды. Оның 2 варианты бар. Қазақстан фаунасын зоогеографиялық аудандастыру екіншісіне жатады. Бұл жіктелім бойынша құрлық жануарлары 8 облысқа бөлінеді:

  1. Жаңа Зеландия;
  2. Австралия;
  3. Полинезия;
  4. Неотропика;
  5. Эфиопия;
  6. Мадагаскар;
  7. Үнді-Малай;
  8. Голарктика.

Қазақстан Голарктика облысы, Палеоарктика тармағының Орталық Азия провинциясына кіреді.

Әр облыстың өзіне тән жануарлар дүниесі бар. Қазақстанды зоогеографиялық аудандарға жіктегенде И.А.Долгушин республика жерін мұндағы құстардың таралуына қарай, ал А.Л.Афанасьев сүтқоректілердің орналасуына қарай бөлді. Мұхиттар мен теңіздердің фаунасын аудандастыру ағылшын ғалымы Э.Форбстың, неміс ғалымы А.Ортманның еңбектерінде сипатталады.

Жануарларды зоогеографиялық аудандастырудың сирек кездесетін жануарлар мен тұз хайуанаттарын қорғауды ұйымдастыруда (мысылы, қорық, қорықша ұйымдастыру) маңызы зор. Қазақстанда зоогеографиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Зоология институты айналысады.

Зоогеография<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>— қазіргі кездегі және өткен замандардагы жануарлар мен олардың қауымдастықтарының (зооценоздарының) географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін биогеографияның саласы; осы таралуды, сондай-ак экологиялық топтардың географиялық таралуын анықтайтың қазіргі және тарихи факторлар мен заңдылықтарды зерттейді. Зоогеографияның негізгі әдістерінің бірі — картаға түсіру.

Зоогеографияны

  • ареалогиялық зоогеография,
  • тарихи-фауналық зоогеография,
  • аймақтық зоогеография,
  • экологиялық зоогеография,
  • зооценологиялық зоогеография деп бөледі.

Ареалогиялық зоогеография — жануарлар түрлерінің, туыстарының және басқа таксондарының таралу атыраптарын;

Тарихи-фауналық зоогеография — өткен геологиялык дәуірлермеп байланысты фауна мен оның тарихын зерттейді;

Аймақтық зоогеография — Жер шарын әр түрлі типтегі фауналық аймаққа (патшалық, тараптық, тарапшалық) аудандаумен шүғылданады;

Экологиялық зоогеография — жануарлардың тіршілік жағдайлары-на (абиоталық, биоталық, антропогендік) байланысты таралуын қарастырады;

Зооценологиялық зоогеография — зооценоздарды, олардың құрылымын, құрамына енетін жануарлардың сандық және сапалық өзара қатынастарын зерттейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зоогеография|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}