Көрші хақы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Көршің үшін намазыңды бұз" деген қағиданы қалт еткізбейтін қазақ үшін көршінің орны мүлде бөлек. Көршінің айтқаны қабыл, өтініші орындалуы халық үшін бұлжымас заң. Қатар отырғанда көршілік сыйластық, көшкенде қимастық осы адамдардың бүтіндік, бірлік, ынтымақтастық қазақы ереженің мызғымас одағын көрсетеді. Көршісі жақсы болса "ол біздің көршіміз ғой" деп мақтан тұтады, "құдайы көршіміз" деп ардақтайды. Бұған керісінше "көршің жаман болса, көшіп құтылырсың" деген мақалға мысал болатын, көршілік парызды мүлде түсінбей, біреудің ісіне араласу деп білетін адамдар да кездеседі.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.