Көмірдің тұтқырлығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмірдің тұтқырлығы - морттыққа кері қасиет, физикалық шамасы анықталмаған. Көмірдің тұтқырлығы генетикалық факторларға байланысты: ең тұтқыры сапропель көмірлері (бокхед, сапроколлит). Гумус көмірлері мен күлді көмірлердің тұтқырлығы төмендеу.

Көмірдің ылғалдылығы

Көмірдегі Ү индексімен белгіленетін ылғалдың мөлшері. Көмірдің ылғалдылығынын түрлері: 1)сыртқы (кеніштік, таужыныстық) ылғалдылық — көмірден ағып кетеді және 20 ± 5°С- та ауадағы құрғақ күйге жеткенде жоқ болады; 2) ішкі (гигроскоптық, адсорбциялық) ылғалдылық — көмір затымен байланысты, талдау кезінде оны аналитикалық (\У°) немесе лабораториялық (\ҮЛ) деп атайды. Сыртқы және ішкі Көмірдің ылғалдылығы жұмыстық (\Ү*) немесе жалпы ылғалдылықты құрайды.

Көміржаралу

Өсімдік затының көмірге айналуының екі сатыдан тұратын процесі. :Бірінші саты — өсімдік затының жиналуы және шымтезекке айналуы; процесс биохимиялық факторлар ықпалынан шымтезекті жабын тау жыныстары жапқанға дейін жүреді. :Екінші саты — жер қойнауында шымтезектің қоңыр көмірге және қолайлы геологиялық жағдайларда қоңыр көмірдің тас көмірге, антрациткеайналуы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub