Антрацит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Coal anthracite.jpg
Көмір-антрацит

Антрацит <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref> – көмірленудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен көмір. Сыртқы белгілері: түсі қара сұр немесе сұр қара, металдай жылтыр, құрылымы әр түрлі, қолға жұқпайды. Эндогенді жіктер мен сызаттарының арасы 2 – 20 мм, кейде 80 мм болып келеді. Меншікті салмағы 1,37 – 1,68 г/см3, органикалық массасының меншікті салмағы 1,5 – 1,8 г/см3, ылғалдылығы 1 – 3%, газ бөлінуі 2 – 4%. Химиялық құрамында 94 – 97% көміртек; 1 – 3%-дай сутек пен оттек; 1 – 2%-дай күкірт пен азот бар. Жылу қуаты 8,1 – 8,2 мың ккал/кг, кокстегенде түйіршіктері бірікпейді. Антрацит жақсы электр өткізгіш, өздігінен тұтанбайды, қасиетін өзгертпейді, ұзақ уақыт сақталады. Каротаж диаграммаларында антрацит қабаттары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Антрацит домна пештерінде пайдаланылады, жіксіз таза кесектерінен ток өткізгіш электрод жасайды.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;</ref><ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антрацит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}