Көлдік түзілімдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көлдік түзілімдер. Көл түбінде түзілетін механикалық (гравий, тасмалта, құм, саз), хемогендік және органогендік түзілімдердің жиынтық атауы. Тұщы көлдердің түзілімдері және ащы көлдердің түзілімдері болып екіге жіктеледі. Тұщы көлдер түбінде әдетте механикалық шөгінділер түзіледі, олар көбінесе көлбеу бағытта қат-қабатталған саздардың өте жұқа қабатшаларынан, сапропелдерден, диатомиттерден, т.с.с. тұрады; мұндай көлдер түбінде шымтезек қорымдары да қалыптаса алады. Ащы көлдердің түзілімдері көбінесе химиялық жолмен түзіледі, мүның нәтижесінде әр түрлі хемогендік тау жынысы түрлері қалыптасады (табиғи тұз, мирабилит, галит, т.с.с.). Көл типтерінің алуан түрлі болуына байланысты, онда түзілген шөгінділер де сан түрлі болып келеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}