Көкөзек (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан КөкөзекЖамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. 1920 жылдары колхоз болып құрылды.

Халқы

Тұрғыны 0,7 мың адам (2009).

Ауыл атауының тарихы

Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел есінде мынадай әңгіме бар. Қарасу мен Көкөзек ауылының ортасында "Көкалыс" деген шөбі шүйгін, көк құрақ, бидайдың ерте көктемде бітік өсетін саздауыт алаңқай жері болған. Сол алаңқайдан ылди сулар бірігіп Көкөзек ауылының ортасындағы өзекпен төмен қарай ағып жатқан. Ертелеу кезде шамамен 1880 - 1900 жылдары аралығында тұрғылықты ел құм жиегінде шашыраңқы қалыпта отырған да, ұжымдастыру кезінде қазіргі Көкөзек ауылының тұрған жерінен ауылдың, көшенің жобасы сызылып халықты сол көшеге қоныстандыра бастаған. Кейін келе Көкөзек ауылы пайда болады. Құм жиегіне жақын жазықта ағып жатқан өзен сонау Алатау басынан басталып, Қарасу көлінің жиек жақ шетіне келіп құяды. Өзеннен шығатын кіші суды халық өзек деп атаған. Ерте күзден бастап, қыс түсіп, жер беті ақ қар жамылғанға дейін өзектің екі жағы жап-жасыл желек жамылып жататын. Ауыл жағасы от, суы мол өзектің атына байланысты "Көкөзек" деп аталған.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері