Көктоғай (Атырау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Көктоғай (2007 жылға дейін Зелёное<ref>Индер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы</ref>) — Атырау облысы, Индер ауданындағы ауыл. Көктоғай ауылдық округінің орталығы. Жайық өзенінің оң жағалауында, аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 47 км жерде, теңіз деңгейінен 23 м төмен ойыста, шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы

Халқы 2418 адам (2009).<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>

Тарихы

Кейбір деректер бойынша, Зеленый ауылы орналасқан тұста 15 ғ-дың аяқ кезінен бастап Көктоғай атты ескі қоныс болған. 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес мұнда “Красный Октябрь” балықшылар ұжымшары құрылып, өзімен аттас ауылдық кеңестің орт. болды. 1962 ж. ұжымшар “Путь Ильича” атты қаракөл қой кеңшарына айналды. 1997 жылы Зеленыйда шаруа (фермер) қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы

Ауылда мектеп-интернат, кітапхана, емхана мен аурухана, өзен айлағы, т.б. бар. Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевқа арналған ескерткіш орнатылған. Орта мектеп те сол батыр есімімен аталады. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және су жолымен қатынасады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Индер ауданы елді мекендері