Көктамыр жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көктамыр жүйесі (Үлгі:Lang-la systemaжүйе, venaкөктамыр, вена) — қанды адам мен жануарлар организмдері мүшелер жүйелерінен жүрекке алып келетін қан тамырларының жүйесі. Көктамырлардың (веналардың) қабырғасы қызылтамырларға (артерияларға) қарағанда жұқа, ішкі қабығы — интима қақпақшалармен жабдықталған. Адам мен жануарлар денелерінде көктамырлар беткей және тереңде орналасып, көптеген жалғамалар (анастомоздар), өрімдер, доғалар, торлар түзеді. Теріге жақын орналасқан беткей көктамырлар мойында, құрсақтың төменгі бетінде, аяқтарда кездеседі. Терең көктамырлар аттас артериялар және жүйкелермен бірге тамырлы-жүйкелік будаларды түзеді. Адам мен жануарлар организмдерінде көктамыр таралуының бес жүйесі ажыратылады. Олар: алдыңғы (адамда - жоғарғы) қуыс көктамыр жүйесі, артқы (адамда — төменгі) қуыс көктамыр жүйесі, бауырдың қақпалық көктамыр жүйесі, өкпенің (кіші қанайналым шеңбері) көктамыр жүйесі және жүректің көктамыр жүйесі.  <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көктамыр жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}