Көктамыр
Медианы бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Венаның сыртқы адвентиция қабығы қоректендіргіш тамырларға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Медиа қабығының болу-болмауына байланысты вена: етті және етсіз көктамырлар болып екіге бөлінеді. Етті немесе миотипті көктамырларға аяқ пен қолдың, жануарлардың бас және мойын веналары жатады. Ал етсіз көктамырлардың қабырғалары тек эндотелий және эндотелийасты қабаттарынан тұрады. Бұларға мидың, көздің тамырлы қабығының, сүйектердің, көкбауыр перделіктерінің, бауыр бөлікшелерінің орталық көктамырлары жатады. Етсіз көкгамырларды фибротипті көктамырлар деп атайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Майда көктамыр
Майда көктамыр - ең кішкентай көктамырлар; қылтамырлардың қосылуынан түзіледі. Майда көктамырлар қосылып ірі көктамырлар түзеді.
Дереккөздер
<references/>