Көгілдір (өсімдік)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Fumaria spec.JPG
КӨГІЛДІР, Fumaria

Көгілдір немесе Аран өсімдігі (Үлгі:Lang-la) – Көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Жерорта теңізі аймағында, сондай-ақ Еуразияның қоңыржай аймақтарында кездеседі. 55-ке жуық түрі белгілі. 1 түрі – Шығыс Африкада өседі.

Бұлардың көпшілік түрінің жапырақтары екі немесе үш рет тілімденіп, басқа өсімдіктердің жапырақ сағақтарына жабысып өседі. Гүлдері бұрыс, тепкісі болады, қызғылт, қара қошқыл, сирек ақ түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Қазақстанда тастақты тау беткейлері мен шөлді жерлердегі малтатастар арасында, егістік жерлерде арамшөп ретінде, жол жағаларында өсетін 4 түрі бар. Аран мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Көбіне бұталардың арасында, егіндіктерде, бақшаларда өседі .Дәріге шөбі пайдаланылады. Гүлдеп тұрған кезінде жиналып кептіріледі. Аранды халық ертеден шипалы санаған .

Жиі кездесетіні – дәрілік көгілдір (F. officinalis). Оның биіктігі 30 см-дей, бұтақтары аса көп емес, жарылған сабақтары болады. Жапырақтары бірнеше рет қандауыр-таспа тәрізді бөліктерге бөлінген. Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа немесе қандауыр тәрізді, шеті тілімденген, күлтесінен 2 – 3 есе қысқа. Күлтелерінің ұзындығы 7 – 9 мм, күлгін қызғылт түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Дәрілік Көгілдір – дәрілік өсімдік және оның құрамынан жүнді бояйтын бояу алынады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көгілдір (өсімдік)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}