Көкнәр тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Көкнәр тұқымдасы (Үлгі:Lang-la) — қос жарнақтылар класының өсімдіктері. Көбіне шөптесін өсімдіктер, кейде бұта немесе аласа ағаштар.

Көкнәр тұқымдасы 26 туыс, 250 түрді біріктіреді. Тұқымдастың өкілдері Солтүстік жартышардың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінде, сондай-ақ оңтүстік және тропиктік Африкада, Шығыс Австралияда, Арктикада кездеседі. Қазақстанда 8 туысы, 40 түрі кездеседі. Басым түрде бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Құрамында ақ, сары, тоқ сары түсті латекс (млечный сок-өзек шырыны) болады. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті, жай, аздап немесе көптеп тілімделген, бөбе жапырақсыз. Гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл қоршауы қосарлы, тостағаншасы екі мүшелі, гүл жарғанда түседі, күлтесі 4, кейде 6 күлте жапырақты екі шеңберде орналасқан, аталығы көп, гинецейі паракарпты, 2-16 жемісжапырақтан, аналық аузы отырықты. Көкнәрлер негіщ\зінен насекомдармен тозаңданады. Жемісі – паракарпты қорпша, жақтаулары немесе жоғарғы бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ, кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді.

Өкілдері: көкнәр-мак, сүйелшөп, боккония, маклея. Көкнәрлердің құрамында алколоидтар болады. Олардың ішінде тамақтық, дәрілік және әсемдік өсімдіктері бар. Көкнәр, мүйіз көкнәр және Мексика аргемонының тұқымынан техникалық май алынады. Көкнәрлер тұқымдасының көптеген түрлері гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі.

Қазақстанның Қызыл кітабына жұқа көкнәр (Papaver tenellum) – сирек түр, эндемді, тек Шығыс және Орталық-Қазақстан бөліктерінде ғана кездеседі. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкнәр тұқымдасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}