Кітапханатану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кітапханатанукітапхана ісінің теориясын, тарихын, әдістемесі мен технологиясын зерттейтін ғылыми пән. Терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген «Кітапханатану жөніндегі негізгі басшылықтың іс-тәжірибесі» атты 2 томдық еңбектің авторы, неміс кітапханатанушысы М.Шреттингер (19 ғ.). Кітапханатанудың негізгі салалары: жалпы Кітапханатану, кітапхана қоры, кітапхана каталогы (құжаттарды электронды тасымалдау), оқырмандармен жұмыс, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапхана ісінің тарихы. Кітапханалық ой жүйесі қолжазбалық және баспа кітаптарды, басқа да ақпараттық тасымал құралдарын жинайтын, сақтайтын және пайдаланатын мекеме ретінде кітапханалардың пайда болуымен бірге қалыптасты. Кітапханатану білім саласы ретінде басқа ғылымдардан бөлек өмір сүрмейді. Оның халықаралық байланыстары басқа ғылымдардың әдістері мен іс-тәжірибелерін, нақты материалдарын, теориялық мәселелерді шешу үшін пайдаланылса, олар өз кезегінде Кітапханатанудың теориялық және іс-тәжірибелік қуатын қолданады. Кітапханатану білімінің аса маңызды теориялық қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық Кітапханатану білімі қазіргі қоғамдағы кітапхана үрдістерінің даму заңдылықтарын теориялық тұрғыдан белгілейтін қағидаларды жүйеге келтіріп, кітапхана ісінің әлеуметтік мәселелерін, кітапханалардың қоғамдық рөлін, Қазақстан жағдайларындағы халыққа кітапханалық қызмет көрсету түрін жан-жақты зерттейді.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кітапханатану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}