Кременевка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кременевка – 8 – 10 ғасырларда болған қалашық. Жуалы ауданы Кременевка ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен 1123 м. 1903 жылы Каллаур ашып, зерттеген. 1940 жылы Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (жетекш. Г.И. Пацевич), 1978 жылы Жамбыл облысық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы, 2000 жылы Қазақстан ҒА-на қарасты Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекш. К.М. Байпақов) зерттеген. Қала таудың шығ. еңісінде орын тепкен. Құрылысы тікбұрышты, шығысында биіктігі 8 м, бат-нда 4 м топырақ дуалмен қоршалған. Ішкі алаңы 54×70 м. Қабырғасының ортасындағы бұрыштарда орналасқан биіктігі 1 – 2 м мұнараның үйіндісі байқалады. Қақпасы болған солтүстік-шығыс бұрыштағы ең биік саналған үйінді қалдықты мұнараның биіктігі 3 метрдей. Үйіндінің солтүстік жағынан аумағы 35×46 метр екінші төбешік келіп жалғасады. Оны қоршап тұрған дуалдың қазіргі кездегі биіктігі 0,5 – 0,6 м. Қалашық орнында керамиканың сынықтары кездеседі, бір бөлігінде бейіт орын алған. Шығыс жағында кірпіш з-ты бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}