Кот-д’Ивуар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет

Кот-д’Ивуар Республикасы, 1986 ж.д. Піл Сүйегі Жағалауы (Үлгі:Lang-fr Үлгі:IPA)<ref>Үлгі:Cite web</ref> — Батыс Африкадағы мемлекет. Батысында Либерия және Гвинея Республикасымен, солтүстігінде Мали, жоғарыда Буркина-Фасо, шығысында Ганамен шектеседі. Францияның отарында болған.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Оңтүстігін Гвинея шығанағы шаяды. Астанасы — Ямусукро. 24 департамент, яғни әкімшілік бірліктен құралады. Ресми атауы — француз тілінде жазылып, айтылады.<ref>Voir l'article trait d'union#Noms des entités politiques et administratives</ref>

Мемлекеттік құрылысы

Кот-д’Ивуар мемлекеттік құрылымы бойынша — республика. Қазіргі конституциясы 1960 жылы қабылданған. Мемлекет және үкімет басшысы — президент, жалпыға бірдей және төте сайлау негізінде 5 жылға сайланады. Конституция бойынша президентке кең құқықтар берілген. Ол министрлерді, жоғары лауазым иелерін тағайындауға, босатуға құқылы және қарулы күштердің қолбасшысы болып табылады. Министрлік Кеңесімен президент парламент алдында есеп бермейді. Заң шығаратын жоғары органы — бір палаталы Халық жиналысы (85 депутат) 5 жылға сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтар сайлау құқығына ие. 1961 және 1964 жылғы сот реформалары бойынша әдеттік соттар жойылып, апелляциялық және бірінші инстанция сот жүйесі құрылды. Жоғарғы сотқа конституциялық бақылау құқығы берілген.

Президенттер тізімі

Үлгі:Main

Сурет:Houphouet-Boigny.jpg
Феликс Уфуэ-Буаньи
Аралық Есім Саяси белсенділігі
Піл сүйегі жағасы
7 тамыз 1960 — 3 қараша 1960 Феликс Уфуэ-Буаньи, премьер-министр ретіндегі ел басшысы Піл сүйегі жағасы демократиялық партиясы
3 қараша 1960 — 1985 Феликс Уфуэ-Буаньи, Президент
Кот-д’Ивуар
1985 — 7 желтоқсан 1993 Феликс Уфуэ-Буаньи, президент Кот-д’Ивуардың демократиялық партиясы
7 желтоқсан 1993 — 24 желтоқсан 1999 Анри Конан Бедье, президент Кот-д’Ивуардың демократиялық партиясы
25 желтоқсан 1999 — 4 қаңтар 2000 Роберт Геи, Халықты қорғау жөніндегі істің орын басары әскери
4 қаңтар 2000 — 25 қазан 2000 Роберт Геи, президент
26 қаңтар 2000 — 11 сәуір 2011 Лоран Гбагбо, президент Ивуарийлық халық фронты
11 сәуір-ден 2011 Алассан Уаттара, президент

Халқы

Халық құрамы
Этникалық құрамы<ref name="CIA - The World Factbook">https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/iv.html</ref>
Акандар
– Вольталықтар мен Гур
– Солтүстік Манде
– Кроу
– Оңтүстік Манде
– басқалар

42,1 %
17,6 %
16,5 %
11 %
10 %
2,8 %
Дін<ref name="Global Religious Landscape">Үлгі:EnGlobal Religious Landscape</ref>
Христиан діні
Ислам діні<ref name="Marie Miran 352">Үлгі:Cite book</ref>
– Африкалық діндер
– Басқалар

44,1 %
37,5 %
10,2%
8,2 %
Тіл құрамы
- Француз тілі
- 60 этникалық тұрғын

Оңтүстігінде және орталығында гвиней тілі тобына жататын халықтар: анья, бауле, кру (1 млн-ға жуық), лагун тайпалары, солтүстік және солтүстік-шығыс аймағында гур тобы (сенуфо, лоби, куланго), солтүстік-батысында және орталығында манде тілді отбасына жататын халықтар (малинке, бамбара, дан, квени) қоныстанған. Олардан басқа хауса, фульбе және 40 мыңдай еуропалықтар (негізінен француздар) тұрады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Мемлекеттік тіліфранцуз тілі. Халқының жылдық орташа өсімі 2,3%.

Еңбек ететін тұрғындары (1964 жылғы мәліметі бойынша) 1850 мың, оның ішінде (%-пен):

  • орман шаруашылығында және балық аулауда — 86.4 %,
  • саудада — 6.8 %,
  • транспорт және байланыста — 2.3%,
  • тұрмыс қажетін өтейтін орындарда — 2.2%,
  • өнеркәсіпте — 1.0%,
  • құрылыста — 0.9%,
  • әр түрлі салаларда — 0.4%.

Елдің орталық бөлігінде және Абиджан өңірінде халық жиі (1 км²-ге 20—30 адамнан), оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бөліктерінде сирек (1 км²-ге 5 адамнан) қоныстанған. Қала халқы 18%.<ref name="Marie Miran 352"/>

Діні

Үлгі:Bar box

Халықтың көпшілігі (65%-ке жуығы) жергілікті дәстүрлі дінді, 23%-і (малинке, бамбара т. б.) ислам дінін, 12%-ке жуығы христиан дінін ұстанады.<ref>Cote d'Ivoire. State.gov. Retrieved 17 тамыз 2012.</ref>

Тарихы

Сурет:Cistones.jpg
Піл сүйегі жағасындағы,Бундиалидан табылған жылтыратылған тас. Суретті Дакаредағы Африкалық мұражай (IFAN) түсірген.

Ежелгі Кот-д’Ивуар

Кот-д’Ивуардың ежелгі тарихы жете зерттелмеген. Орта ғасырларда мұнда қолөнер мен сауда-саттық едәуір дамыды. 11 ғасырда пайда болған Конг қала 19 ғасырдың аяғына дейін Батыс Африкадағы керуен саудасының аса ірі орталықтарының бірі болды. 15 ғасырдың өзінде-ақ Кот-д’Ивуар жерінде ерте феодалдық тұрпаттағы мемлекет бірлестіктер өмір сүрді.<ref name=autogenerated3>Үлгі:Cite web</ref> XVIII —XIX ғасырларда солтүстік және шығыс аймақтарындағы неғұрлым дамыған ірі халықтары өз алдына жеке-жеке мемлекет болды. Ал батыс аудандарды мекендеген халықтар әлі де ру-тайпалық құрылыста өмір сүрді.<ref name=autogenerated2>Үлгі:Cite web</ref>

Франция отарындағы Кот-д’Ивуар

Сурет:Aouabou-Traité-1892.jpg
1892 жылы қазіргі Кот-д’Ивуар,Нзи-Комоэда Луи-Гюстав Бингер мен Famienkro тайпасының көшбасшысы арасындағы келісімшарт құрылуы.

15 ғасырдың аяқ шенінде Кот-д’Ивуар жеріне португалдар мен басқа да еуропалықтар келіп, құл сатып алып кете бастады. Сонымен бірге, еуропалықтар піл сүйегін және басқа да бағалы заттар алумен шұғылданды. 18 ғасырдың басында француздар Асиниде порт және Гран-Басамда фактория салды.

184243 жылдары Франция Гран-Басам мен Асиниді, онан соң жағалаудағы басқа да елді мекендерді басып алды. 1893 жылы Кот-д’Ивуар отары құрылды (француздардың бұған дейінгі басып алған жерлері Сенегал отарына кірген болатын). 1895 жылы Кот-д’Ивуар француздардың Батыс Африкадағы генерал-губернаторына бағынды, 19041958 жылдары Француз Батыс Африкасы құрамына енді. Кот-д’Ивуар халқы өз тәуелсіздігін ерлікпен қорғады. 19 ғасырдың аяғында солтүстік және шығыс аудандарда аса күшті шайқастар болды. 20 ғасырдың басында да қарулы көтеріліс тоқтаған жоқ. Күш жағынан басым француздар 1915 жылы бүкіл елді басып алды.<ref name=WDL1>Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:Coted'Ivoire Elections2002.png
2002 жылғы таңдау нәтижесі

Орталық тәртіп кезінде Кот-д’Ивуар экономикасы француз капиталының бақылауында болды, жергілікті халық қатты қаналды. Бұрынғы иелерінен тартып алынған 330 мың гектар жер еуропода плантаторлардың қарамағына көшті. Алмаз, алтын, марганец шығару мен ағаш өңдеуді француз кәсіпкерлері биледі. Абиджанда экспорттық дақылдар (кофе, какао, банан т. б.) көп өсірілді.

Ұлт-азаттық қозғалыс

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел ішінде ұлт-азаттық қозғалысы өршіді. 1946 жылы Кот-д’Ивуар демократиялық партиясы құрылды (Африка демократиялық одағының бөлімшесі ретінде)<ref>Үлгі:Cite journal</ref>. 195051 жылдары отаршыл өкімет орындарының озбырлығына қарсы ірі-ірі толқулар болды, сөйтіп француз үкіметі жергілікті күштерге жеңілдік берді. 1957 жылы Кот-д’Ивуар территориялық ассамблеясы жалпыға бірдей дауыс беру жолымен сайланып, үкіметтік кеңес құра бастады. 1958 жылы 28 қыркүйектегі референдум нәтижесінде Кот-д’Ивуар француз одағына енетін мемлекет статусын алды. Феликс Уфуэ-Буаньи бастаған демократиялық партия басшыларынан үкімет құрылды. 1959 жылы Кот-д’Ивуар Жоғары Вольта, Дагомея, Нигер өзара экономикалық және саяси одақ құрып оны Келісім кеңесі деп атады (1966 жылы оған Того да кірді).

Кот-д’Ивуар Республикасы

Сурет:Abidjan2.jpg
Абиджан қаласы

Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалысы онан әрі өрши бергендіктен, 1960 жылы 11 шілдеде француз үкіметі Уфуэ-Буаньи үкіметімен келісімге келіп, сол жылғы 7 сәуірде Кот-д’Ивуар тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Қыркүйекте ол БҰҰ-ға қабылданды. Сол жылы қараша айында жаңа конституция қабылданды. Ұлттық жиналыс сайлауында (27 қараша, 1960) Демократиялық партия жеңіске жетіп, оның басшысы Уфуэ-Буаньи республика президенті болды. 1961 жылы сәуірде Кот-д’Ивуар Франциямен ынтымақ туралы шарт жасады, Келісім кеңесімен басқа мүшелерімен бірге (Жоғарғы Вольтадан басқалары) Франциямен қорғаныс келісіміне қол қойды.<ref>Holguin, Jaime (15 қараша 2004) url=http://www.cbsnews.com/stories/2004/11/15/opinion/fenton/main655762.shtml |title="France's 'Little Iraq'". CBS News.</ref> Уфуэ-Буаньи үкіметі жеке меншікті кәсіпкерлікті қолдайды, батыс елдерінен шетел капиталының көп енуіне жол ашады. 196364 жылы билеуші партия ішінде кескілескен саяси күрес өріс алды. Үкіметке қарсы қастандықтардың беті ашылуына байланысты, бірқатар министрлер мен басқа да көрнекті қайраткерлер сотқа тартылды. Президенттің өкімет билігі күшейе түсті. КСРО мен Кот-д’Ивуар арасында 1967 жылы дипломатиялық қатынас орнап, 1969 жылы оны Кот-д’Ивуар үкіметі бұзды.

Географиясы

Қалалары

Үлгі:Main World Gazeteer интернет сайтының мәліметі бойынша, Кот-д’Ивуарда 12 мыңнан астам тұрғындары бар 66 қала бар<ref name="PAK">Үлгі:Cite web</ref>.

Ең ірі қалалары:

Аумақтық-әкімшілік бөлінісі

Үлгі:Main

Сурет:Cote d'Ivoire.png
Кот-д’Ивуара облыстары

Кот-д’Ивуар 19 облысқа бөлінген, оның ішінде 81 департамент және 2 өңір бар.

Сурет:Côte d'Ivoire Map.jpg
Кот-д’Ивуара картасы
Облыс Әкімшілік
орталығы
Аумағы,
км2
Халық
(2010), тұл.
Тығыздығы,
адам/км²
1. Агнеби Агбовиль 9 234 743 559 80,52
2. Бафинг Туба 8 922 205 339 23,01
3. Ба-Сассандра Сан-Педро 26 440 2 037 628 77,07
4. Денгеле Одиенне 20 997 316 571 15,08
5. Монтань Ман 16 782 1 334 387 79,51
6. Фромаже Ганьоа 6 903 772 368 111,89
7. О-Сассандра Далоа 15 242 1 535 137 100,72
8. Лак Ямусукро 8 875 677 812 76,37
9. Лагюн Абиджан 13 323 5 336 658 400,56
10. Марауэ Буафле 8 698 791 689 91,02
11. Муайен-Кавелли Гигло 14 268 737 699 51,70
12. Муайен-Комоэ Абенгуру 6 921 561 853 81,18
13. Нзи-Комоэ Димбокро 19 242 895 405 46,53
14. Саван Корого 40 210 1 319 240 32,81
15. Сюд-Бандама Диво 10 677 972 144 91,05
16. Сюд-Комоэ Адиаке 7 252 656 150 90,48
17. Валле-дю-Бандама Буаке 28 518 1 538 484 53,95
18. Вородугу Сегела 22 166 536 012 24,18
19. Занзан Бондуку 38 251 999 586 26,13
Барлығы 322 921 21 967 721 68,03
Көрші мемлекеттер
Солтүстік-батыс:
Үлгі:GIN
Солтүстік:
Үлгі:MLI
Солтүстік-шығыс:
Үлгі:BFA
Батыс:
Үлгі:GIN
50px Шығыс:
Үлгі:GHA
Оңтүстік-батыс
Үлгі:LBR
Оңтүстік:
Гвинея шығанағы
Оңтүстік-шығыс:
Үлгі:GHA

Кот-д’Ивуар экваторлық және субэкваторлық белдеуде, құрлыққа қарай сұғына, Нигер өзені алабына дейінгі өңірде орналасқан. Гвинея шығанағының жағалауы шамалы тілімделген, батыс жағалауы жар және жартасты, шығысы жайпақ және құмды келеді. Оңтүстігі төбелі жазық, солтүстігі үстірт (биіктігі 500 — 800 м), батыс бөлігін Нимба тауы (1752 м) алып жатыр. Территориясы Африка платформасындағы кембрийлік жыныстардан түзілген (батысында және солтүстігінде гранит, шығысында кристалл кәне тақта тас). Алмаз, марганец, алтын, боксит, темір кені, қалайы, колумбит кен орындары бар.<ref>Géographie de la Côte d’Ivoire</ref>

Өзендері

Елдегі ең ірі өзендері:

Бірақ бұлардың біреуінде де кеме жүзбейді, себебі көптеген шоңғалдар мен жазғы құрғақшылық маусымдағы су деңгейінің төмендеуі кедергі жасайды.

Фаунасы мен флорасы

Кот-д’Ивуардың табиғи ландшафты соңғы кезде қатты өзгерген. Бұрын негізгі ландшафтты қалың ормандар құрайтын<ref>Rougerie, 1978,GR,p 171</ref>. 1920 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2007 жылы орман массивтарының көлемі екі есе, яғни 6 000 000 гектарға азайған<ref>Rougerie, 1978,GR,p 173-192</ref><ref>La Côte d’Ivoire en chiffres, 2007,Eco,p 86</ref>. Қазіргі таңда ормандар мемлекет аймағының үштен бірін алып тұр.

Есесіне жергілікті фаунасы алауан түрлі. Көптеген омыртқалы, омыртқасыз, су жануарлары мен паразиттер саванна мен ормандарда кең таралған. Сүткөректілердің ішінде ең ірілері - пілдер мен сусиырдың екі биологиялық түрі. Алып орман қабаны, бөкендер мен енекелер, маймылдардың көптеген биологиялық түршелері, кеміргіштер және жыртқыштар (арыстан, леопард, мангусттар), құстардың, бауырмен жорғалаушылар мен жәндіктердің жүздеген түрлері - бұл да Кот-д’Ивуардың фаунасының толық тізімі емес. Өкінішке орай, күннен күнге Кот-д’Ивуардың фаунасының өкілдері азайып және жойылып бара жатқан түрлер тізімдеріне ілініп жатыр<ref>Rougerie, 1978,GR,p 207-214</ref>.

Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі Кот-д’Ивуар министірлігінің басты қарастырылып жатқан жұмыстарының бірі. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, қалалық қауіпсіздік пен тұрақты даму, қоршаған ортаны басқару саясаты мен қорғалатын аудандардың жетілдіруін қамтамасыз етеді. Министірлік ормандарды түгелдей және кейбір сирек немесе жойылу қауіпі бар жануарларды қорғау алған. Жоспар бойынша жойылу үстінде тұрған жануарлардың (керік) популяциясын көбейту. Басшылықтың тағы бір бұрыннан келе жатқан мәселесі жануарларды сату, есептеулер бойынша 2002 жылы Абиджанда піл сүйегі 1554 кг сатылған.<ref>Үлгі:Lien web</ref>

Қорғалатын аймақтар

Үлгі:Main Кот-д’Ивуар Батыс Африкада ұлттық парктердің ең дамыған жүйелердің бірі бар. 2008 жылы сегіз ұлттық парктер тұрақты жүйеге кірді<ref>Үлгі:Lien web</ref>, он бес ботаникалық қорлары, соның ішінде 300-ге жуық табиғи қорықтары ашылды.<ref>Үлгі:Lien web</ref>

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Кот-д’Ивуардың 4 нысаны бар (2012 жылғы мәліметі бойынша). Бұл тізімге нысандардың 3 табиғи критерийлар бойынша, ал 1 - тарихи критерийлер бойынша іліккен<ref>Үлгі:Cite web</ref>:

Климаты

Абиджанның климаты (оңтүстік аймақ): Үлгі:Қаланың ауа райы

Буакедегі климат (орталық аймақ): Үлгі:Қаланың ауа райы

Одиеннедегі климат (солтүстік-батыс аймақ): Үлгі:Қаланың ауа райы

Климаты оңтүстігінде экваторлық, ылғалды, басқа жерінде субэкваторлық. Оңтүстігінде ең ыстық айларының (желтоқсан — сәуір) орташа температурасы 27 — 28°С, салқын айларында (шілде—қыркүйек) 23 — 24°С; солтүстігінде 30° С (сәуір) және 25° С (маусым — қыркүйек). Жылдық жауын-шашын мөлшері 1300 — 2300 мм (теңіз маңы ойпатында), 1100 — 1800 мм (солтүстігінде). Жер беті ағын суларының торы жиі, бірақ өзендері шағын келеді. Оңтүстігіндегі қызыл-сары латеритті топырағында мәңгі жасыл экваторлық орман, солтүстігінде орманды саванна өседі.

Экономикасы

Кот-д’Ивуар — аграрлы ел. Өнеркәсібі мешеу дамыған. Экономикасында шетел (негізінен француз) капиталы үстем.<ref name=Apo>Үлгі:Fr Accord politique de Ouagadougou</ref>

Басты артықшылықтары:

  • ауыл шаруашылығы сапалы дамыған: какаоның маңызды өндірушісі (әлемде бірінші) және кофе (әлемде үшінші).<ref>Үлгі:Fr Үлгі:Lien web

</ref>

  • Салыстырмалы жақсы инфрақұрылымы бар.
  • Өсіп келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібі, елеулі шетелдік инвестициялар.<ref>Үлгі:Fr Loi -513 du Үлгі:Date portant constitution de la République de Côte d’Ivoire, Journal officiel de la République de Côte d’Ivoire, Abidjan, jeudi 3 août 2000, Үлгі:P.</ref>

Кемшіліктері:

  • тұрақсыздық.
  • Білім беру инвестициялардың болмауы.
  • Какао мен кофе тәуелді және құлдық еңбек.

Орта есеппен, соңғы жылдары мемлекеттік экономикасы тұрақты экономикалық өсімін көрсетуде жылына 2.5 - 3% (инфляцияны есептегенде<ref>http://www.interex.fr/fr/fiches-pays/cote-d-ivoire/accueil</ref>, ал 2009 жылы Кот-д'Ивуар жан басына шаққандағы ЖІӨ 1,7 мың АҚШ долларын құрады, бұл нәтиже Қара Африкадан неқұрлым жоғары (аймақтағы 15-ші орын)<ref>Le Figaro économie du 13 octobre 2012</ref> стандарттар бойынша өте жоғары болып табылады. Халықтың 42% (2006 жылы) - кедейлікте өмір сүруде.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында жерді қауымдық пайдалану сақталған. Көпшілік шаруашылықтарда маусымдық жалдамалы шаруа күшін пайдалану сақталған. Ауыл шаруашылығында экспорттық дақылдар (кофе, какао, банан, ананас) өсірудің маңызы күшті. Кофе өнімін жинау және оны экспортқа шығару жөнінен дүние жүзінде 3-орын, какаодан 1-орын алады. Басты азық-түлік дақылдары — маниок, ямс, банан, таро (оңтүстігінде), күріш (батысында), жүгері, тары, жер жаңғақ (солтүстігінде).

Өнеркәсібі

2009 жылы фермерлар $2.53 миллиард ақшаны какао мен кофе экспортынан өндірді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref> 1968 жылдың басында елде 284 өнеркәсіп орны болды. Онда 26 мың адам еңбек етті (1967). Жалпы өнеркәсіп өнімі 1967 ж. 60 млрд., 1968 ж. 70 млрд африка франкісіне тең болды. Өнеркәсіп өнімінің жалпы құнының ішінде (%): тамақ және темекінің үлесі 26, энергетика 15, ағаш өңдеу 14, мата тоқу 11, металл өңдеу 8, химия, май 13, құрылыс материалдары 4, тау-кен өндірісі 3, басқа салалар 6. Алмас (1974 ж. 279 мың кар), марганец рудасы (51,5 мың т) өндіріледі. 1973 ж. 796 млн квт-сағ электр энергиясы алынды. 2 СЭС (Аяме I, Аяме II, жалпы қуаты 50 мың квт) және ЖЭС (Абиджанда, қуаты 32 мың квт, 1969) бар. 65 тақтай тілу зауыды бар; 1972 ж. 392 мың м³ тақтай дайындалды, бұның 50%-ке жуығы Еуропа және өзімен көрші елдерге экспортқа шығарылады. 2012 жылы 10000 фермерлар $105 милион пайданы какао экспорттаудан пайда көрді.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Автомобиль құрастыру, мұнай айыру, цемент зауыдтары, тоқыма комбинаты (Бвакеде) т. б. жеңіл және тамақ көсіп орындары бар.

Сыртқы сауда

Сурет:Tree map export 2009 Cote d'Ivoire.jpeg
Кот-д'Ивуар экспортының пропорционалды түрде бйнеленгені.

Экспорт — 8,7 млрд долл. 2009 жылы — какао, кофе, орман, мұнай, мақта, банан, ананас, балық.<ref>Tuttle, Brad (23 September 2013), "Time to Get Ready for a Smaller Hershey Bar?" Business.time.com. Тексерілген 20 сәуір 2014.</ref>

Негізгі тұтынушылар — Нидерланд 13,9 %, Франция 10,8 %, АҚШ 7,8 %, Германия 7,2 %, Нигерия 7 %, Гана 5,6 %.

Импорт — 6,5 млрд долл. (2009 жыл) — мұнай өндірістігі, алым-сату.

Негізгі тауар берушілер — Нигерия 20,8 %, Франция 14,2 %, Қытай 7,2 %, Таиланд 5,1 %.

Туризм

Қолайлы климат, флора мен фаунаның алуан түрлілігі, Гвинея шығанағы әдемі құмды жағажайлар мен байырғы халықтары бірегей мәдениет: ел туризм саласын дамыту үшін қажетті жағдайлар тұтас жиынтығы бар. Туризм индустриясының белсенді дамыту 1970 жылы іске асыру басталды және арнайы бағдарлама бойынша (инвестицияның 22% шетелдік инвестициялар болып табылады) 1980 жылға дейін жұмыс істейді. 1980 жылдың соңына қарай, 170-тен астам қонақ салынды, оның аумағында сегіз туризм аймақтарын анықтады.<ref name=ne>www.nationsencyclopedia.com</ref>

Туристердің көбісі Франциядан келеді. Кот-д'Ивуарға баруға паспорттар қажет. 91 күннен аз тұруға келетін болса виза талап етілмейді, алайда қарсы вакцинация туралы куәлік барлық шетелдік туристтерден талап етіледі. 2002 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің есептеуі бойынша күніне Абиджанда тұру үшін $160, ал Ямусукрода тұруға шамамен $ 98 керек екен. Қазіргі таңда Кот-д'Ивуарға ерекше сәулет өнері мен тіл үйірер тағамына және көрікті демалыс орындарын көруге баратындар саны күннен күнге артуда.<ref name=ne/>

Кәсіподақтас бірлестіктері

Кот-д'Ивуардың жалпы еңбекшілер бірлестігі (Үлгі:Lang-fr, UGTCI). 1962 жылы құрылған, 100 мың мүшесі бар. Бас хатшысы – Ниамкей Адико (Үлгі:Lang-fr)

Саясат

Саяси ұйымдар

Көппартиялық жүйе құрылған мезгіл: 2000 жылы 90 саяси партиялар мен бірлестіктер болған.<ref>Үлгі:Fr Loi (Côte d'Ivoire) -4 du 28 mars 1959</ref> Олардыӊ арасында еӊ беделді Ивуарлық халықтық фронт болды, ИХФ(Үлгі:Lang-fr, FPI). Басқаратын партия. 1983 жылы Францияда құрылды,1990 жылы ресмиленді.<ref>Wodié, 1996,id=FVW,p=78</ref> Төрағасы – Н'Гессан Аффи (Үлгі:Lang-fr), бас хатшысы – Урето Сильвэн Миака (Үлгі:Lang-fr);<ref>La Côte d'Ivoire en chiffres, 2007, id=Eco,p=19</ref> Кот-д'Ивуардыӊ демократиялық партиясы, КИДП (Үлгі:Lang-fr, PDCI). Партия 1946 жылы жергілікті Африканыӊ демократиялық бірігуі (АДБ) деген атпен құрылған. Жетекшілері – Бедье Анри Конан (Үлгі:Lang-fr);<ref>Үлгі:Fr Décret -115 du 6 mars 2008 modifiant et complétant le décret -314 du 6 octobre 2005 portant création de cinq cent vingt (520) communes</ref> Ивуариялық еңбекші партиясы, ИЕП (Үлгі:Lang-fr<ref>Үлгі:Fr http://www.etat.sciencespobordeaux.fr/institutionnel/cotivoir.html#Processus%20démocratique Côte d'Ivoire, Situation institutionnelle|date=26 avril 2008</ref>, PIT). Социал-демократтардыӊ партиясы 1990 жылы заңдастырылды. Бас хатшысы - Водье Франсис (Srancis Wodié); Республикашылдардың бірігуі, ОР (Үлгі:Lang-fr).<ref>Үлгі:Cite news</ref> Партия 1994 жылы КИДП-ның ыдырауының қорытындысында құрылды.<ref>Үлгі:Fr Décret (Côte d'Ivoire) -97 du 5 mars 2008 portant création de cinquante-cinq (55) sous-préfectures</ref><ref>Үлгі:Fr Үлгі:Lien web</ref> Солтүстік мұсылман аудандарында ықпалды. Жетекшісі – Уаттара Алассан Драман (Үлгі:Lang-fr), бас хатшысы - Диабате Генриетта Дагба (Үлгі:Lang-fr).

Бұқаралық ақпарат құралдары

Француз тілінде шығарылатын БАҚ: күнделік газеттер «Ивуар-суар» (Үлгі:Lang-fr – «Ивуар-кеш») және «Вуа» (Үлгі:Lang-fr – «Жол»), апталық газеттер «Белье» (Le Bélier – «Овен»),«Демократ» (Le Démocrate – «Демократ»), «Нувель оризон» (Le Nouvel horizon – «Жаңа горизонт») и «Жен демократ» (Le Jeune démocrate – «Жас демократ»), апталық «Абиджан сет жур» (Abidjan 7 jours – «Абиджан бір аптада»), айлық газет «Алиф» (Alif – «Алиф») және т.б. Үкіметтік ақпараттық агенттілік- «Кот-д'Ивуардың баспа агенттілігі». 1961 жылы құрылған. Үкіметтік қызмет орыны «Ивуарийлік радиохабарлама және теледидар» 1963 жылы құрылған. «Кот-д'Ивуардың баспа агенттілігі» және «Ивуарийлік радиохабарлама және теледидар» Абиджанда орналасқан. 9000 Ғаламтор-қолданышулар бар.

Транспорты

Автожолдар

  • барлығы — 80 000 км, соның ішінде
  • қатты бетімен — 6500 км
  • қатты бетінсіз — 73 500 км

Темір жолдар

  • барлығы — 660 км

Әуежайлар

  • барлығы — 35
  • қатты бетімен — 7
  • қатты бетінсіз — 28

Оқу-ағарту ісі

Сурет:Ciensea.JPG
Абиджандағы статистика және қолданбалы экономика ұлттық мектебінің кіреберіс көрінісі

Білімі бар яғни суаты бар тұрғындар үлесі — 60 % ер, 38 % әйел (2000 жылғы мәліметтер бойынша). Халқы француз тілінде сөйлейді 10 баланың 6-ы мектепке түспеген.<ref name="EarthTrends">Үлгі:Cite web</ref> Орташабілім алуға түскен оқушылардың көбісі ерлер.<ref name="education.stateuniversity.com">Үлгі:Cite web</ref> Еуропа түріндегі алғашқы мектептерді XIX ғасырда француздар ашқан. Отаршылдық үстемдік кезінде халқының 90%-ы сауатсыз болды. 1960 жылдан Кот-д’Ивуар тәуелсіздік алғаннан бері оқу-ағарту жұмысына үкімет тарапынан зор мән берілуде. 1960 жылы мемлекет бюджеттің 12,6 %-ы, ал 1969 жылы 24%-ы халыққа білім беру ісіне бөлінді. Мектептердің көпшілігі мемлекет қарамағында. Жеке адамдар қарауындағы мектептер негізінен католиктік миссияларда ғана. Бастауыш мектептері 6 жылдық, оған 6 жастан қабылданады. Орта мектептері (лицей, классикалық және қазіргі колледждер) 7 жылдық, 2 циклді (4 және 3 жылдық). 1968/69 оқу жылында бастауыш мектептерде 431 мың, орта мектептерде 46 мыңнан астам оқушы болды. Кәсіптік дайындық бастауыш мектеп негізінде 4 және 7 жылдық техникалық лицейде жүзеге асырылады.<ref>Ivory Coast – The Economy, U.S. Library of Congress</ref> Бастауыш мектеп мұғалімдерін орталау мектеп негізіндегі педогогикалық мектептер, орта мектеп оқытушыларын 1961 жылы ашылған жоғары педогогикалық мектеп даярлайды. 1964 жылы Абиджанда университет ашылды. 1968/69 оқу жылында университетте 2169 студент оқыды. Абиджанда этнографиялық музей бар.<ref name="EarthTrends"/>

Денсаулық сақтау ісі

Сурет:Chucocody.JPG
Кокоди университеттік ауруханасы
Сурет:CSUSokoura3.jpg
Буаке төңірегіндегі қалалық денсаулық орталығы

Кот-д’Ивуарда Батыс Африканың басқа елдеріне салыстырғанда ірі денсаулық сақтау инфрақұрылымы бар<ref>La Côte d'Ivoire en chiffres, 2007,172 бет</ref>. Алайда, он тоғыз әкімшілік орталығынан тек қана екеуінде ірі республикалық маңызы бар университеттік ауруханалар бар. Олар: Абиджан (Кокоди, Treichville және Йопугоне ауруханалар) және Валлю-де - Бандамадағы Буакедағы аурухана. Қалған аймақтар шағын ауруханалар мен медициналық орталықтармен қамтамасыз етілген<ref name="ReferenceC">La Côte d'Ivoire en chiffres, 2007,Eco,173 бет</ref>.

Бұлардан басқа Буакеде және Абиджанда мамандарды дайындайтын әскери госпитальдар бар. Бұл жерде Manikro (Буаке) және Далоа аймақтарда жиі кездесетін алапес ауруын емдеп жұмыс жасайтын арнайы қызметкерлерді дайындайды және Бинжервиль психиатриялық ауруханасы бар.

Аталған ірі медициналық орталықтардан басқа да көптеген шағын және жеке медициналық нысандары бар. Батыс Африканың басқа елдерімен салыстырғанда жағдайы жақсы болғанымен, жалпы денсаулық сақтау саласы елде айтарлықтай дамымаған. Мәселен, осы күнге дейін 9908 адамға бір арнайы мамандырылған дәрігер, 2 416 адам үшін бір медбике, 2 118 тууға қабілетті әйелге 1 акушер келеді<ref name="ReferenceC"/>. 2010 жылғы есептеулер бойынша Кот-д’Ивуар әлем бойынша ана өлімі жағынан 27-ші орында тұр.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Халық саны — 21,1 млн (2010 жылғы мәлімет).

Жылдық өсім — 2,1 %;

Туу көрсеткіші — 1000 адамға 32-ден;

Өлім — 1000 адамға 11-ден;

Сәбилердің қайтыс болуы — 1000-нан 118-і қаза болады екен.<ref name="afro.who.int"/> Кот-д'Ивуарда 100,000 адамға 12 дәрігерден келеді.<ref name="afro.who.int"/> Халықтың төрттен бір бөлігіне жуығы халықаралық кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, тәулігіне $ 1,25.<ref>Human Development Indices, Table 3: Human and income poverty, p. 35. Тексерілген 1 маусым 2009.</ref> Әйелдердің 36%-ға жуығы жыныс мүшелері ауруымен аурады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Орташа өмір сүру — 41 жыл ерлерде, 47 жыл әйелдерде (2004 жыл);<ref name="afro.who.int">Үлгі:Cite web</ref>

ЖИТС ауруымен ауыратындар  — 3,9 %-ды құрайды (2007 жыл). 19-45 жас аралығындағы адамдардың 3.20% бұл аурумен ауырады. Мұндай көрсеткіш әлемде 19-шы орынды алады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Мәдениеті

Сурет:Elephant african mask.jpg
Жергілікті қолөнер

Архитектура

Дәстүрлі тұрғын үйлердің әр-түрлі сәулеттік кескінге ие:

  • Оңтүстігінде-тіктөртбұрышты немесе шаршы тәріздес және ағаштан жасалғын болып келеді.
  • Орталығында-балшықтан жасалған тіктөртбұрышты немесе қырлары дөңгеленген болып келеді.
  • Шығысында-тіктөртбұрышты,шатыры тегіс болып келеді.
  • Батысында-дөңгеленген немесе саман тәріздес болып келеді.

Үйлердің сыртқы жағы жиі сары, қызыл және қара түстермен және геометриялық фигуралармен, құстардың, нақты және мистикалық жануарлар суреттермен қамтылған. Қазіргі заманғы қалалар темірбетон құрылымдар мен шыныдан жасалған сәнді қонақ үйлер мен супермаркеттерге айналды.

Музыка

Музыкалық аспаптарға: балафондар, барабанды тамтамдар, гитаралар, ксилофондар, шықырлағыштар, рожкалар, өзіндік арфалар және лютналар мен флейтадан тұрады.

Би

Сурет:Cizaouli.jpg
Бетпердемен билеу

Кот-д'Ивуар өзінің ғажайып биімен де кең танылған. Билегендегі киген киімдері көз тартады. Билері еш бір біріне ұқсас емес. Түрлі қиын қимылдармен және акробатикалық трюктармен құрастырылған.

Кинематография

1960-шы жылдары дами түскен.Алғашқы фильм „Жалғыздық талқауында“ Т.Басори атты режиссер 1963 жылы түсірген. 1974 жылы кинемотографисттердің қауымы құрылды. 1993 жылы ивуариялық режиссер Адама Руамба „Исаның есімімен“ атты фильм түсірді. 2001 жылы „Аданггаман“ атты ивуариялық әйгілі режиссер Роже Гноана М'Бала фильм түсірді.

Тағам

Кот-д'Ивуар халқының мақтанышы ұлттық тағамдары болып табылады. Франция билігінің астында ұзақ уақыт бойы болғандықтан олар дәстүрлі тағамдарында өз ізін қалдырып кетті. Бұл тамаққа таңқалдырарлықтай дәм сыйлады. Бірақ жергілікті халықтың тамағы, азық-түлігі нағыз тамақ талғағышты да бей-жай қалдыруы мүмкін емес. Атеке, Кеджи, Фуфу секілді тағамдардан дәмі тіл үйіреді.

Спорт

Спорттың көптеген түрі тәжірибеге алынған. Абиджанда, Ямусукрода және Сан-Педрода гольфтан түрлі практикалық алаңдар бар. Теңіз сулары және шағын мүйістерде жеткілікті дәрежеде спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Мысалы спорттық балық аулау сондай-ақ, дайвинг және су асты балық аулау, серфинг, желкенді спорт, виндсерфинг, каноэ есу немесе жағажай-волейболы. Атқа міну және автомобиль спорты, мото-кросс деген сияқты экстремалды спорт та бар. Кот-д'Ивуарда гандбол, баскетбол, волейбол, регби, жеңіл атлетика және теннис тәжірибеге алынған.

Олимпиадалық ойындар

Үлгі:Main

Футбол

Сурет:Cote d'Iviore NT 2010.jpg
Футбол ұлттық құрамасы

Алайда футбол Кот-д'Ивуардағы спорт патшасы болып есептеледі. Ол үлкен жұртты құмарлататын ойын түрі. Бұл танымал спорт елдің терең бөліктерінде кеңінен таралған. Тіпті әрбір қалалық және әр аудан өзінің Мараканасын ұйымдастырады (Кот-д'Ивуар Маракана 2012 және 2013 жылы Ұлттар Африка кубогының чемпионы болды) Дамыған елдердің қатарында болмасада футболдан ешқандай елден кем түспейтін елдердің бірі. Футболдан әлем чемпионатына 2 рет қатысқан.

Сурет:Didier Drogba 9248.JPG
Дидье Дрогба Кот-д’Ивуар ұлттық құраманың капитаны

Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрама командасы

Үлгі:Main Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрама командасы елді халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Африка Футбол Конфедерациясының қол астында бақылауда болады.

Африкалық ұлттар кубогі

Кот-д'Ивуар ұлттық құрама командасы Африкалық ұлттар кубогінің 2 рет жеңіп алған. Алғашында 1992 жылы, одан соң 2015 жылы Африкалық ұлттар кубогының жеңімпазы атанды. Манчестер Сити құрамасындағы ең танымал ойншылардың бірі Яя Туре қатысып өзінің құрамасына айтарлықтай демеу көрсетті.

Шетелдік қарым-қатынас

Шетелдегі Кот-д'Ивуар елшіліктері<ref>Үлгі:Fr Үлгі:Lien web</ref>
Үлгі:ZAF Үлгі:BEL Үлгі:COG Үлгі:ETH Үлгі:IRN Үлгі:MAR
Үлгі:SEN Үлгі:DZA Үлгі:BRA Үлгі:KOR Үлгі:FRA Үлгі:PSE
Үлгі:MEX Үлгі:CHE Үлгі:DEU Үлгі:BFA Үлгі:DNK Үлгі:GAB
Үлгі:ITA Үлгі:TCD Үлгі:AGO Үлгі:CMR Үлгі:EGY Үлгі:GHA
Үлгі:JPN Үлгі:NGA Үлгі:TUN Үлгі:SAU Үлгі:GIN Үлгі:ESP
Үлгі:CAN Үлгі:LBR Үлгі:GBR Үлгі:VAT Үлгі:CHN Үлгі:USA
Үлгі:IND Үлгі:RUS Үлгі:AUT Үлгі:MAR
Кот-д'Ивуардағы елшілік<ref>Үлгі:Fr Үлгі:Lien web</ref>
Үлгі:ZAF Үлгі:BEL Үлгі:COG Үлгі:ETH Үлгі:IRN Үлгі:MAR
Үлгі:SEN Үлгі:DZA Үлгі:BRA Үлгі:KOR Үлгі:FRA Үлгі:PSE
Үлгі:MEX Үлгі:CHE Үлгі:DEU Үлгі:BFA Үлгі:DNK Үлгі:GAB
Үлгі:ITA Үлгі:TCD Үлгі:AGO Үлгі:CMR Үлгі:EGY Үлгі:GHA
Үлгі:JPN Үлгі:NGA Үлгі:TUN Үлгі:SAU Үлгі:GIN Үлгі:ESP
Үлгі:CAN Үлгі:LBR Үлгі:GBR Үлгі:VAT Үлгі:CHN Үлгі:USA
Үлгі:IND Үлгі:RUS Үлгі:AUT Үлгі:MAR Үлгі:CZE
Үлгі:TUR Үлгі:GRC Үлгі:THA Үлгі:MYS Үлгі:KWT Үлгі:MLI
Үлгі:NOR Үлгі:CUB Үлгі:PRT Үлгі:NER Үлгі:KEN

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Countries of Africa

Үлгі:Ислам Әріптестік Ұйымы Үлгі:Member states of the African Union Үлгі:Оңтүстік Атнлантика Бейбітшілік және Ынтымақтастық Зонасы

Үлгі:WTO

Үлгі:Жақсы мақала