Саванналық ормандар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Саванналық ормандар - ксерофильді маусымдық жапырақ тастайтын тропиктік ормандар. Құрғақ кезең 4-6 ай бойы болатын, жауын-шашынның мөлшері уақыттың қысқа мерзімінде түсетін аудандарға жатады. Оңтүстік Америкада, Африкада, Үндістан түбегінде кең тараған, сирек Австралияда тараған. Бұршақ тұқымдасы, тікенекті суккулентті өркендері бар өсімдіктер, (кактустар, етті сүттігендер), шөлмекті ағаштар, (кейбір бомбаксты) таралған.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Дереккөздер
<references/>