Косметология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Косметология, косметика (Үлгі:Lang-el – әдемілеу өнері және Үлгі:Lang-el – ілім) – клиникалық медицинаның бір саласы. Косметология теріні күту, адамның сыртқы келбетін әсемдеу, әр түрлі аурулардың әсерінен және туа біткен немесе жас өзгерісіне байланысты пайда болған ақауларды жасыру, емдеу әдістерін зерттеумен айналысады. Косметологиялық медициналық ғылыми-зерттеулер мынадай бағыттарда жүргізіледі:

  1. косметикалық ақаулардың (кемістіктердің) патогенезін анықтап, емдеу әдістерін белгілеу;
  2. Косметологиялық заттардың фармакологиялық әсерін анықтап, терідегі зат алмасу процестерін (май, су, тұз, витаминдер, гормондар) қалпына келтіретін биологиялық активті заттарды анықтау.

Тарихы

Косметика көне заманнан бастап дамыған. Ежелгі мысырлықтар, римдіктер, арабтар бетін, кірпігін, қабағын бояп, шашын бұйралап, әтірдің орнына хош иісті майларды пайдалана білген. Қайта өрлеу дәуірінде косметика Еуропада кеңінен тарады, әсіресе, Франция 16 ғасырда әдемі косметикалық заттарды даярлаудың және қолданудың негізгі орталығы болды. Бірақ Косметологияның қарқынды дамуы 19 ғасырдың басынан басталады. Косметология өзінің атқаратын қызметіне қарай: дәрігерлік және сәндік Косметология болып ажыратылады.

Дәрігерлік Косметология

Дәрігерлік Косметология – гигиеналық, профилактикалық емдік және хирургиялық бөлімдерге бөлінеді, олар терінің түрлі ақауларын (құрғақтығын, майлылығын, безеуді, әжімді, түрлі мең мен қалдарды) болдырмау және жою әдістерін, сондай-ақ, шаш (әйел, еркек және балалардың шашын сәндеу), ауыз іші (тісті күту), маникюр (қолдың тырнақтарын күту), педикюр (аяқтың тырнақтарын күту) күтіміне байланысты гигиеналық емдік шараларды қарастырады. Косметологиялық (эстетикалық) хирургияның негізгі міндеті оперативтік жолмен ақауларды жою, көбінесе, мүшелердің қызметін қалпына келтіру, сонымен қатар адамның сыртқы көрінісін жақсарту. Косметологиялық операцияларға ринопластика, отопластика, ерінге жасалатын пластикалық операциялар, т.б. жатады. Косметологиялық операциялар мынадай жағдайда: мұрынның, еріннің, құлақ жарғағының кемістігін түзету, қал, меңдерді алып тастау, беттегі (маңдай, қабақ, бұғақ мойындағы) әжімді сылу, сондай-ақ, сүт безі жетілмегенде немесе мөлшерден тыс үлкен болған жағдайда, қарынның деформалануы (салақтауы, май жиналуы), аяқтағы санға артық май жиналғанда жасалады. Косметикалық операция жасағанда әр адамның, әсіресе, балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.

Сәндік Косметология

Сәндік Косметология адамның сыртқы келбетін әрлеп, беттің кейбір кемістіктерін білдірмеу, не әдемілігін айқындай түсумен шұғылданады. Сәндік косметикалық препараттарға қас пен қабақты бояуға арналған қарындаш, опа, ерін далабы, түрлі витамин қосылған майлар, иіс су, әтірлер, т.б. жатады. Бұл препараттар лабораториялар мен клиникаларда тексеруден өткеннен кейін санитарлық инфекция мекемесінің рұқсатымен сатуға жіберіледі. Косметологиялық емдер мен көмек арнайы емханалар, кабинеттер және салондарда жүргізіледі. Косметология дерматология, хирургия, онкология, эндокринология және медициналық генетикамен тығыз байланыста дамиды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Косметология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}