Онкология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Онкология (грек. oncos – өскін, ісік және logos – ілім) – медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім</ref>

Даму тарихы

Онкология 20 ғ-дың басында экспериментальді медицинаның қол жеткен жетістіктерінің негізінде 3 бағытта дамыды: вирустық Онкология (негізін салғандар француз ғалымы А.Боррель, 1903; америкалық Ф.Роус, 1911); химиялық Онкология (жапон ғалымдары К.Ямагива, К.Итикава, 1915); радиациялық Онкология (француз ғалымы А.Лакассань, 1932 және т.б.). Қазақстанда Онкология ғылымының дамуына ҚазКСР Мин. Кеңесінің “Рак жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үдету және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы” Қаулысының (1959) ықпалы зор болды. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының жанынан онкология сектор ашылып, 1960 ж. ол Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.

Қазақ ғалымдары

Қазақстанда Онкология мен радиология саласындағы негізгі ғылыми жұмыстар: республика тұрғындарының географиялық орналасуын, олардың қатерлі ісікке шалдығуын, аурудың одан әрі асқынып, жайылу себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Уытты ісікті анықтау, одан арылу шараларын іздестіріп, сақтану әдістері, қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен емдеу тәсілдері жетілдірілді. Республикада Онкология саласындағы ғылыми зерттеулер Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қазақ ұлттық медицина университетінің, Астана, Қарағанды, Семей, Ақтөбе медицина академияларының арнайы кафедраларында жүргізіледі. Қазақстанда Онкологияның дамуына С.Нұғыманов, С.Балмұханов, Ж.Әбдірахманов, О.Смахтина, Н.Количева, М.Қайрақбаев, Н.Әжіғалиев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Онкология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}