Конформациялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pleione Confirmation xlagenaria artificiale.jpg
Гүлдің конформациясы

Конформациялар (лат. conformatіo – форма, орналасу, құрылу) – органикалық қосылыстар молекулаларының, олардың жеке бөліктерінің жай көміртек – көміртек байланыстарын айнала еркін қозғалуы кезінде қабылдайтын геометриялық пішіндері. Мұндай құрылымның химиялық және физикалық қасиеттері, стереохимияның бір тарауы – конформациялық талдауда зерттеледі. Конформациялардың пайда болуына атомдардың, олардың ішінде сутек атомдары мен атомдық топтарының өзара әрекеттесуі, тебілісі себеп болады. Қалыпты жағдайдағы әрбір молекула атомы бір жағдайдан екіншіге әрбір 10–10 с сайын ауысады. Конформациялық изомерлердің тұрақтылығы зерттеудің физикалық әдістері (рентген-құрылымдық талдау, термодинамикалық есептеу, термохимиялық зерттеу, дипольдік моменттерді өлшеу, спектрлерді зерттеу) негізінде айқындалады. Конформациялық талдау органикалық молекуладағы тікелей байланыспаған атомдар мен топтардың әрекеттесуін сандық бағалауға жол ашты, барлық органикалық қосылыстардың (стероид, белок, көмірсу, алкалоид, т.б.) стереохимиялық қасиеттерін түсіндірді және реакциялардың кеңістіктегі бағыттылығын болжауға мүмкіндік беріп, конформациялық реакцияласу қабілетін анықтады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Конформациялар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}