Стереохимия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стереохимия<ref>Илиел Э., Стереохимия соединений углерода, ағылш. аудар., М., 1965; Потапов В.М., Стереохимия, М., 1976; Соколов В.И., Введение в теоретическую стереохимию, М., 1979.</ref> – химия ғылымының саласы. Молекулалардың кеңістіктік құрылымын және оның заттардың физика-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттейді. Стереохимияның негізін салушыларға шарап қышқылдарының изомериясын зерттеген (1848) Л.Пастерді (18221895) және көміртек атомының төрт валенттілігі тетраэдрдің төбесіне бағытталғандығын дәлелдеген (1874) Я.Вант-Гофф (18521911) пен Ж.Ле Бельді (18471930) жатқызуға болады. Стереохимия заттардың реакция кезінде өзгерулерін де қарастырады. Стереохимияның зерттейтін нысандары органикалық және бейорганикалық (тек кешенді және кешенішілік қосылыстар) заттар. Стереохимияның өзіндік мақсаты – дербес изомерлер алып, олардың конфигурациясы мен қасиеттерін анықтау.

  • Стереохимия статикалық және динамикадық стереохимия болып екіге бөлінеді. Статикалық стереохимия стереоизомерия мен оның қасиеттерін анықтайды. Динамикалық стереохимия кеңістік факторларының молекуланың химикалық өзгеру бағытына және жылдамдығына тигізетін әсерін зерттейді. Стереохимиялық зерттеулер нәтижесінің полимерлік материалдар саласында, дәрі-дәрмек жасауда, физиология активті заттар синтезінде, тағы басқа маңызы зор. Қазақстанда стереохимия саласын дамытуда және моно-бигетероциклді жүйелерді конформац. талдауда А.Ш. Шәріпқанов, Д.В. Соколов, Г.С. Литвиненко, тағы басқа ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Стереохимия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}