Коматииттер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Коматииттер – ультранегізді эффузиялық тау жынысы, перидотиттердің вулканогендік сыңары. Түсі қарадан жасылдауға дейін. Бітімі — бадамшатасты, құрылымы — порфирлі. Фенокристер оливин, арқауы серпентинденген шыны мен оливиннің дентриттерінен тұрады. Коматиттер пикрит, базальт, риолиттермен офиолиттік кешендерде бірге кездесіп, тасқындар, силдар, сығылмалар құрайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>