Коллоидтық химия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Коллоидтық химия – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Коллоидтық химия физикалық химияның күрделі бір бөлімі болып қалыптасты, 19 ғасырдың 60-жылдарында жеке ғылым саласына айналды.

Коллоидтық химия дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, қасиеттерін, фазалардың жанасу беттеріндегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Сондай-ақ, оның зерттеу нысандарына әр түрлі дисперстік жүйелер, дисперстік фазалар мен дисперстілеу ортаның жанасу беттері, адсорбциялық қабаттар, ламинарлық және фибриллалық жүйелер, аэрозольдер, ұнтақтар, көбіктер, эмульсиялар, жүзгіндер (суспензиялар), әр түрлі гельдер мен зольдер жатады. Қазіргі Коллоидтық химия мына құбылыстар мен процестерді қарастырады: 1) беттік және капиллярлық құбылыстар (адсорбция және жүзу құбылыстарының термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтары, адсорбциялық қабаттардың қасиеттері, беттік белсенді заттардың әр түрлі фазааралық беттерге әсер ету заңдылықтары мен механизмдері); 2) қатты дене беттерінің химиясы (қатты денелердің беттік қабаттарындағы кристалдың және электрондық құрылымдарының ерекшеліктері, оларда болатын сорбциялық құбылыстар заңдылықтары); 3) электркинетикалық және электркапиллярлық құбылыстар және ион алмасу құбылыстары (коллоидтық электрхимия); 4) дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері (коллоидтық оптика); 5) дисперстік жүйелердің молекула-кинетикалық және тасымал құбылыстарын зерттеп, оларды дисперсиялық талдауға пайдалану; 6) лиофильдік және лиофобтық дисперстік жүйелердің пайда болу (түзілу) термодинамикасы мен теориялары, оларды алу және тазарту жолдары (диализ, электрдиализ және ультрафильтрация); 7) лиофильдік коллоидтық жүйелер, олардың пайда болу аймақтары, екі-үш құрауышты беттік-белсенді заттары бар термодинамикалық тепе-теңдік жүйелердің құрылысын зерттеу, жұқа қабыршақтардың термодинамикасы мен физика-химия гидродинамикасы, қабыршақтардың жұқалану заңдылықтары; 8) дисперстік жүйелердің тұрақтылық теориясы, тұрақтылық факторлары, дисперстік фаза бөлшектерінің коагуляциясы (флокуляциясы), коалесценция және олардың заңдылықтары; 9) дисперстік жүйелердің физика-химия механикасы, дисперстік жүйелердегі құрылым түзілу, олардың түрлері және заңдылықтары, реологиялық зерттеулер. Коллоидтық химия құрылыс материалдары мен силикаттар, бояу мен пигменттер және қатты заттарды ұнтақтап майдалау технологиясының, флотация әдісі мен кен байыту технологиясының, жуу процестерінің негізін құрайды. Мұнайдағы өте майда су эмульсиясын бұзу арқылы оны су мен тұздан тазарту, көбіктерді өрт сөндіруге қолдану, т.б. маңызды мәселелер Коллоидтық химия негізінде шешіледі. Коллоидтық химияның биология, геология, медицина т.б. ғылымдар үшін де маңызы зор. Қазақстанда Коллоидтық химия саласындағы зерттеулер А.В. Думанскийдің жетекшілігімен 1942 – 44 ж. басталды. Қазақ ұлттық универстетінде (Қ.Мұсабеков, Ж.Әбілев, В.П. Пальмер) үлкен молекулалы заттардың жаңа класы – полиэлектролиттер мен кіші молекулалы беттік актив заттар алынып, бұларды фазаға бөлу (С.Айдарова, К.Омарова), солюбилизация (Т.И. Юй Цун-синь) және флокуляция (Н.Түсіпбаев) процестерінде қолдану әдістері табылды. Химия ғылымдары институтында Қазақстанның минералды адсорбенттері (Ш.Батталова), тұтқыр заттар қатаюының физика-химия негіздері (С.Сүлейменова) зерттелуде, тұзды суды тұщы суға айналдыру мәселелері шешілді (Е.Ерғожин), жаңа флокулянттар алу (Е.Шайхутдинов), пайдалы қазбалар мен өте төзімді көбіктерді флотациялық жолмен байыту (А.Байшолақов, М.Баймаханов), иониттерді алмастыра сорбциялау (А.Дадабаев) әдістері іздестірілді, беттік актив заттардың электродтық процестерге (М.Наурызбаев) және техникалық аэрозольдердің тұрақтылығына (А.А. Цыпура) тигізетін әсері анықталды. Республикада Коллоидтық химия жөніндегі зерттеулерді Қазақ ұлттық университеті үйлестіріп отырады. Петрянов-Соколов И.В.,<ref>Коллоидная химия и научно-технический прогресс</ref>, М., 1988; Фролов Ю.Г.,<ref>Курс коллоидной химии</ref>, М., 1992.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Коллоидтық химия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}