Золь
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Золь (латынша solutіo – ажырату, ерітінді) – ұсатылған қатты дене бөлшектері, сұйық тамшылары не газ көпіршіктері қандай ортада болмасын біркелкі таралған коллоидтық жүйе. Зольдің көбісі бөлшектері таралған орта атымен аталады. Мысалы, су болса –гидрозоль, спирт болса – алкозоль, органикалық сұйық болса – органозоль, т.б. Коллоидтық жүйенің агрегаттық қалпына байланысты лиозоль (сұйық), креозоль (қатты) және аэрозоль (газ) болып ажыратылады.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том